ZOOM платформасында Павлодар облысы дінтанушыларының V форумы және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізілді

 774

2021 жылғы 5 тамызда «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқытушылары мен қалалар мен аудандар әкімдіктерінің дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне, діни қауым өкілдеріне арналған ZOOM-конференция өткізілді.

Форумның спикері ретінде полимодальдық психолог практик Л.Козаева сөз сөйледі, лектор балалардың экстремистік топтардың ықпалына түсу себептері және осындай жағдайлардан шығу жолдары туралы айтып берді.

Оқыту семинарының спикері Ph.D. Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құқықтану» кафедрасының доценті, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Е.Бекбосынов болды. Лектор дни экстремизмнің алдын алу кешені: теориялық және практикалық аспектілер туралы баяндады.