Жаңа пікірді жазу

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде дәстүрлі бағытта жүрген апалар жамағатымен кездесу өтті

 1598

Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде дәстүрлі бағытта жүрген апалар жамағатымен «Интернет желісіне түспеудің жолы: ақпаратты дұрыс қабылдау және тек рұқсат етілген сайттарды қолдану туралы» тақырыбы аясында кездесу өтті.

Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері ұлттық құндылықтармен тығыз байланысты. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып отырған бүгінгі күні тек қана болашақ ұрпақты емес, сонымен қатар үлкен буынды қарттар арасында да рухани дамытуда маңызды рөл атқаратын қазақ халқының ұлттық бай мұрасын зерттеу және деструктивті діни ұйымдарға тартылу мәселесін өзектендіру қажет.

Конфессияаралық қарым-қатынастарда талдау және дамыту орталығының директоры Раздықова Гульназ 2018 жылы 14 ақпанында Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде дәстүрлі бағытта жүрген апалар жамағатымен кездесу өткізді. Кездесу барысында деструктивті діни ұйымдарға тартылу мәселесі өзектілікке алынды. Олардың қауіптілігі неде? Осы жөнінде орталықтың басшысы Г.М. Раздықова егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Деструктивті діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Ал олардың басты мақсаты – тұлғаны құрбан етіп, айтқанын мүлтіксіз орындайтын құлға айналдыру. Кез келген адам деструктивті культтер адептілерінің құрбаны болуы мүмкін.

Сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттің дін туралы заңы тақырыбы аясында, оның ішінде «Ата жол» , «Аққу» , «Орда» ағымдарға қатысты ақпарат берілді

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы өткізіп отырған осы іс-шара жастардың радикалдық діни идеологияларға қарсы иммунитетін қалыптастырады.