Жаңа пікірді жазу

«Жастар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдениетіне сай сананы қалыптастыру» тақырыбына Павлодар бизнес-колледжінің студенттерімен кездесу

 1719

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө., бас теологі Бердімұратов Ж.Қ. лекторлар ретінде дәріс оқыды.

Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында мемлекеттік кон-фессионалдық саясатты түсіндіру және антирадикалдық иммунитетті дарыту.

Лекторлар қазіргі діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті мәселелері, жалдаудың, соның ішінде интернет-ресурстар арқылы жалдау-дың тактикалары мен әдістері жайында жан-жақты әңгімеледі.

Сондай-ақ дін негіздерін білмеу адасушылыққа әкелетіндігі, өзіне және жақын-туыстарына сақ болуы ескертілді.

Барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берілді.