Жаңа пікірді жазу

Павлодарда бірегей діни экспонаттардың көрмесі ашылды

 1703

Павлодарда бірнеше діндердің басын қосқан бірегей діни экспонаттардың көрмесі ашылды.

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарих-өлкетану музейінде өтетін көрменің  ұйымдастырушысы – Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы.

Іс-шара  «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде конфессияаралық бірлікті, рухани келісімді дамыту және іске асыру мақсатында өткізілді.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев көрмеге қызығушылық танытушылар көп екендігін айтты. «Бүгінгі көрмеге қызықты экспонаттар қойылуда. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Бұл тек қала тұрғындарына ғана емес қонақтарына да қызықты болады деген ойдамын. Көрмені дайындау барысында күтіп жүргендер бар екенін білдік. Соңғы күндері түрлі қоғамдық бірлестіктерден қоңыраулар көп болды», - деді Мейрам Мұхаметрахимұлы.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде Павлодар қаласы «Ақмешітің» бас имамы Нұрлан Евфратұлы Қайырбеков, Орыс Православ шіркеуінің Павлодар және Екібастұз епархиясының діни білім және катехизация бөлімінің басшысы Артемий Жданов құттықтау сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер конфессияаралық диалог пен келісімнің орнығуына ықпал ететін,  облыс тұрғындарының толеранттылық деңгейін арттыратын, жұртшылықты жергілікті діни бірлестіктер өкілдерінің діни атрибутикасымен таныстыратын     көрменің үлкен маңыздылығын  атап өтті.

Көрменің  ұйымдастырушысы – Павлодар облысы дін істері басқармасы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.М. Раздықованың айтуынша  көрменің  құрылуына музей қызметкерлері, діни бірлестіктердің басшылары, көрмені өткізу идеясын қорғаған  дін қызметшілері мен дінге сенушілер үлес қосқан.

«Экспозицияның бірігейлігі – оның   тарих сарайында бір шаңырақ астында өткізіліп отырғандығында, барлық конфессиялардың өкілдері  берлесіп, көрмеге мұнда өте сирек кездесетін  экспонаттарды ұсынды. Бұл көрме Ертістің Павлодар өңіріндегі діни бірлестіктердің тарихы терең, әрі  мықты екендігін, дамып отырғандығын және конфессиялар арасындағы  достықтың нығая түскендігін  көрсетеді», -дейді Гүлназ Мақсұтқызы.

 Көрмеге келушілер Павлодар өңіріндегі түрлі конфессиялардың, діни бірлестіктердің тарихымен және қызметтерімен танысып,  бірегей тарихи кітаптарды өз көздерімен көрді. 

Көрмеде  қасиетті кітаптардың, қолжазбалардың сирек басылымдары, бірегей құжаттар, Павлодар облысының аумағында  әр түрлі конфессиялар діндерінің дамуы туралы сыр шертетін фотосуреттер қойылды. 

Мысалы, «Мәшһүр Жүсіп»  мешіті  Құранның, Тәпсір Құранның екі бірегей экспонатын, діни ережелер, мұсылмандық мінез-құлық нормалары жайлы Фикх бойынша кітапты ұсынып отыр. 

Орыс Православ Шіркеуі, священник Артемий: «Біз  Павлодардың Ертіс өңірінде  христиандықтың даму тарихы туралы сирек басылымдарды,  фотосуреттердік көшірмелерін, сондай-ақ әулиелердің өмірін баяндайтын  кітаптарды ұсынып отырмыз.

Шарих Николай Юрьевич, «Павлодар облысы «Евангелие-лютеран приходының» өкілі: «Біз көрмеге неміс тілінде 1821 жылы Германияда басылып шыққан Библияны ұсындық. Оны 1941 жылы Волга маңынан жер аударылған немістер Қазақстанға әкелген. Неміс тіліндегі әндер жинағы неміс ұлтының Қазақстанға жер аударылғанынан кейін  қолмен көшіріліп алынған».

Павлодар облысының еврейлер қауымдастығы, Католиктер шіркеуі,  Жетінші күн адвентистерінің шіркеуі, Кришна санасының қоғамы  Көне қасиетті жазулардың өте құнды экспонаттарын ұсынды.

16-26 тамыз аралығында өткізілетін көрмеге  Павлодардың Ертіс өңірі діндерінің   даму тарихы туралы білуге ниет білдіргендер тегін  келулеріне болады.