Жаңа пікірді жазу

Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №6679 әскери бөлімшесінің әскери қызметшілері үшін профилактикалық семинар өткізілді

 1524

2019 жылғы 7 маусымда  КҚТДО ақпарттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. және  сарапшы-теолог Бердімұратов  Ж.Қ.  Қазақстан Республикасы  Ұлттық гвардиясының  Павлодар қаласындағы №6679 әскери бөлімшесінің   әскери қызметшілері үшін  «Әскери қызметшілерді экстремистік күштердің және  қоғам мен мемлекетке қарсы сипаттағы   деструктивтік элементтердің жағымсыз ықпалынан сақтау, сондай-ақ экстремистік идеялардың  әскери ұжымдарға  енуіне жол бермеу» тақырыбына  лекция өткізді.

Экстремизм тақырыбы  бүгінгі күні  әлемдік қауымдастықтың   әр мемлекетін толғандырып отыр.  Қазақстан  БҰҰ,  ЕҚЫҰ, АӨСШК ,ИЫҰ,ШЫҰ сияқты  көптеген антитеррористік ұйымдардың  мүшесі бола отырып,  елдегі  экстремизмнің жолын кесудің  және алдын алудың  белгілі шараларын  тұрақты жасайды.

«Экстремизмге  қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  2005 жылғы 18 ақпандағы Заңының  4 және 5-баптарында   экстремизмге  қарсы іс-қимылдың  негізгі бағыттары,  міндеттері мен принциптері көрсетілген.  Бағыттар туралы айтқанда,  экстремизмді ескертуге, соның ішінде оны жүзеге асыруға ықпал ететін  себептер мен шарттарды  анықтауға бағытталған  алдын алу шаралары  қабылданғанын айтқан жөн.