Жаңа пікірді жазу

Сәләфизмнің кесірінен тілімізден айырылатын болдық

 2808
Таласбек ЖАМБЫЛ, "Адырна" ұлттық порталы

Небір қиын-қыстау замандар болған кезде халқымыз тілінен де, жерінен де айырылып қалатын сәттер туды. Алайда, тарих сахнасына көтерілген ұлы тұлғаларымыз, кейінгі ұрпаққа барлығын аманаттап, өз жандарын біз үшін пида етті. Сәләфизмнің ықпалы мемлекеттік тілімізге де әсері көрінуде. Осыған орай бүгінгі таңда, тілімізден де айырылып қалудың қаупі көрінеді.

Әлеуметтік желілерден жиі байқайтынымыз қазақ тілінің шұбарланып бара жатқандығы. Сәләфизм ағымындағылардың араб тілі арқылы өз қанаттарын жаймақшы. Қазақша сөздермен қосымша тіркесіп айтылыпта, жазылыпта жүр. Шұбарланудың соңы тілімізді құрдымға апарып, әлеуметтік желідегі жас буындардың санасына кері ықпалын тигізердей. Жұма күні әлеуметтік желілерден «Жұма мүбәрак болсын» деп емес, «Жұма қабыл болсын» деп қазақшалап неге айтпасқа? Тура осылай «ИншаАллаһ» емес, «Құдай қаласа», «Алла жазса» сынды баламалары қазақ тілінде өте көп. «Ифтар», «Халал», «Харам», «Никях» т.б. сөздерді қазақша пайдалануымыз керек. Мұсылмандыққа шақырып, толықтай халықтың санасы мен дәстүрін өзгертуге, тілдің де бұрмалануы көрінуде. Діни фанатизмнің жолдарының біріне тіл өзгерісін бүгінде жатқызуға да болады.
Алла тағала Құран Кәрімде «Хужурат» сүресінің 13-аятында былай деген: «Әй, адам баласы! Күдіксіз, сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың…» Ұлтқа бөлгеннен кейін, ол ұлттың өзіне тән Жаратушыдан берілген тілі де болады. Бүгінде біз құлшылық етеміз, өзімізді қалаған дінге жатқызғанымызбен де, басқа халықтың тіліне еліктеуіміз бекершілік. Мәселе біздің бірнеше тілді таза меңгергенімізде емес. Өз тілімізді біле тұра, шұбарландырып пайдалануымызда. Бұл тарихтағы кейбір халықтардағыдай өз тілдерін болашақта жойылуының қаупі бар. Жаратқанның алдында бір-бірімізден жақсылығымызбен артық болсақ, басқа тілде сөйлеп артық бола алмаймыз.

Псевдосәләфизм ағымының уағыздаушысы Ділмұрат Махаматовтың (Ділмұрат Әбу Мухаммад) «ахи», «ухти» дей бергеңше, араб тілін толықтай үйреніп сөйлесіңдер деген уағызы бар. Бұлда бір өз қатарларына қосудың жолы. Құрандағы «Хужурат» сүресінен хабарсыз айтқан адамның сөзі секілді. Яғни адамның діні, білімі, ғылымы арқылы өз тілін дамытпай, сол мекенде пайда болған тілде сөйлесе, мемлекеттің құрдымға кетері даусыз. Сондықтан бүгінгі біз тілімізді шұбарлатпай, елімізді кейінгі ұрпаққа аманаттағымыз келсе, қазақ тілін таза сөйлеп, жаза алуымыз қажет. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» - деп, Ахмет Байтұрсынұлы бекер айтпаған. Әйтпесе, тілдің тазалығын сақтай алмасақ, уақыт өте келе тілімізден айырылып қалғанымызды байқамай да қаламыз.

Сәләфизмнің діни ағымдағы уағызшыларының басымы қазақ тілінде емес. Тура сондай тыңдармандары да уағыз айтылған тілмен қоғамда қарым-қатынас жасайды. Олар қазақ тілін бірте-бірте жойып, діни сөздерге араб тілін қосып жатыр. Өзге елдің де уағызшыларын тыңдап жатқан азаматтарымыз, сол елдің мәдениеті мен тілі үйренгілері келеді. Бұл үрдіс қоғамда кеңінен етк алуда. Тіпті дәстүрлі исламды ұстанушылардың өзі қазақ тіліне, араб тілін шұбаланқы етіп қосуда. Бұлда бір үлкен проблема болмақ. Қоғамның жік-жікке бөлінуге алып келетін жайттары да туындайды. Тіл арқылы үлкен қақтығыстарға жол беріліп жатса таңқалмаңыз. Әрбір азаматымызды елдің тағдыры ойландырса, тілімізді өз қалпында таза пайдалануға тырысу керек. «Тіл – ұлттың тағдыры», - деген аталы сөз бар, сондықтан да сәләфизмнің тілімізді шұбарлап жатқан тағдырының ойлаудың өзі қорқынышты.

Источник: