Жаңа пікірді жазу

Ұлттық қол өнері шеберлігі бойынша шеберлік сыныбы өткізілді

 1701

Бойжеткендер мен әйелдердің «Инабат» клубында «Қазақтың ұлттық қолөнері»шеберлік сыныбы өткізілді. Іс-шараны Павлодар облысының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Ақмешіт» қалалық мешітінің ұстаздарымен бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесу барысында қыздар ұлттық стильде жастықтар тігуге,сондай-ақ орамалдарға ұсақ моншақтардан өрнек салуға үйренді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты - қыздардың ұлттық дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелеу, қазақ көркемөнеріне баулу. Ұйымдастырушылар бойжеткендерді бұдан әрі де ұлттық көркемөнердің түр-түрлеріне үйретуді жалғастыруды жоспарлап отыр.