Жаңа пікірді жазу

Көшпелі семинар Щарбакты ауданының, Жанауылыңың тұрғындарымен профилактикалық кездесу

 1017

Ағымдағы жылғы 4 мамырында  ақпараттық-түсіндіру жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы  Асанбаева З.Ө.  Щарбақты ауданы Жанауылының  жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларымен, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер, жастар және ауыл тұрғындарымен: «Тұрғындарды жалған діни ұйымдардың және деструктивтік культтерге тартудың алдын алу» тақырыбына кезекті профилактикалық кездесу өткізді.

Ол қазіргі діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті проблемалары, олардың  қатарына тарту әдістері, соның  ішінде  жасөспірімдер мен жастар арасында  интернет-ресурстар арқылы тартылудың қауіптілігі туралы әңгі-меледі. 

Асанбаева З.Ө. жалған діни ұйымдар кейбір жағдайларда заңды бұзатындығына, адамдарды өз ұйымдарында ұстау үшін бопсалауды пайдаланатындығына назар аудартты.

Зайда Өмірбекқызы дін негіздерін білмеу үлкен адасушылыққа соқтыратынын ескертті. Оқушыларды өздеріне және жақындарына сақ болуға шақырды. Балаларға әдістемелік әдебиет таратылып және «Ата-анаға құрмет»,  «Опасность интернет вербовки», «Чужая война» фильмдері  көрсетілді.