Жаңа пікірді жазу
Торайғыров Университетінің жоғары колледжі студенттерінің ата-аналарына арналған ZOOM алаңындағы семинар
2021 жылғы 27 мамырда Павлодар облысы Дін істері басқармасының басшысы Д.К. Зәкәриянов және «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысы Г. М. Раздықова ZOOM алаңында «Әлеуметтік желілердегі жастардың рухани қауіпсіздігі» тақырыбында семинар өткізді.
Спикерлер әлеуметтік желілер арқылы жастардың экстремистік діни ағымдардың ықпалына түсу қаупі туралы айтты.
Ата-аналар бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы тиіс екенін атап өтіп, спикерлерге алынған ақпараттың өзектілігі мен пайдалылығы үшін алғыс білдірді.