Жаңа пікірді жазу

Терроризмге жол жоқ дейміз!

 1839

Қазақстанда және біздің облыста радикалдық діни идеялардың таралуы қазіргі кезде аса өзекті проблемалардың бірі болып отыр.Осы қауіпке қарсы іс-қимылдың нысаны – тұрғындар, әсіресе жастар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ағымдағы жылғы 26  қыркүйекте Ақсу қ. колледждері мен мектептері оқушыларының, сондай-ақ қала тұрғындарының  қатысуымен С. Дөнентаев атындағы МС алдындағы алаңда «STOP Terrorism» би флеш-мобы өткізілді.

Ұйымдастырушылары - конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы, Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі. Іс-шараға Павлодар облысы дін істері басқармасының және Ақсу қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты.    

Флешмобқа қатысушылар алдында конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Раздықова Г.М., Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұркенова Б.Х. сөз сөйледі.

- «Өкінішке орай, биыл Қазақстанда қайғылы оқиғалар болды. Ақтөбе және Алматы қалаларында террористік актілер  орын алды. Гүлденіп келе жатқан елімізде терроризм қаупінің орын алуы шындыққа айналды. Сіздер, жастар Қазақстанда және зорлық-зомбылықтар болмауы үшін барлық күш-қайратттарыңызды жұмсауларыңыз керек. Деструктивтік және радикалдық діни ағымдар біздің мәдениетіміз бен рухани, саяси қауіпсіздігімізге қауіп төндіруде. Сондықтан да әрқайсымыз радикалдық идеялармен күресіп, әлеуметтік желілерде, күнделікті өмірде , қоғамда алдын алу жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Мен Сіздерге терроризм актілерінен еркін елде өмір сүруді тілеймін. Және бүкіл Қазақстан Ақсу қаласында терроризмге қарсы флешмоб өткізіліп жатқанынан хабардар болсын» деп Раздықова Г.М. жастарға үндеу салды.

300 жас бір уақытта : «Біз бейбіт Қазақстанды қолдаймыз! Терроризмге жол жоқ дейміз!» деп үн қосып, аспанға қара және ақ шарлар жіберді.

Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы жыл сайын оқушы жастармен флешмоб өткізіп келеді. Алғашқы флеш-моб 2013 жылы Павлодар қ. Орталық жағалауында  және мемлекеттік рәміздер алаңында «Экстремизмге және терроризмге жол жоқ!» ұранымен өткен болатын. Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат – жұртшылықтың назарын діни экстремизм және терроризм мәселелеріне аударту, жастар арасында радикалдық діни идеяларды қабылдамау сезімін дарыту.