Жаңа пікірді жазу
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дәстүрлі кездесу
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 2016 жылғы 14 желтоқсанда «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС Павлодар қаласы жергілікті діни бірлестіктерінің басшыларын шақырып, бейресми жағдайда шай дастарханы басында дәстүрлі кездесу өткізді.
«Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры Г.М. Раздықова өзінің құттықтау сөзінде Тәуелсіздік күінінің елдің әр азаматының қастерлі мерекесі екенін атап өтті.
«Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлап отырмыз. Бұл еліміздің басты мерекесі ғана емес, Қазақстан тарихындағы маңызды тарихи белес. Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында Қазақстан табысты, бәсекеге қабылетті мемлекет болып отыр.Еліміздің гүлденуі және дамуы жолында оның әр азаматы еңбек етуде».
Г.М. Раздықова жергілікті діни бірлестіктерді қоғамдық өмірге қосқан үлестері, елді толерантты және мәдени дамытуға, халықтардың достығы мен келісімін нығайтуға, сондай-ақ жастарға рухани тәрбие беруге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов «Еліміздің егемендік алған күні – Қазақстанның әр азаматының қастерлі мерекесі. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылық етуімен Қазақстан халқы этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін көрсетіп отыр» деп атап өтті.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды: ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Нариман қажы Исенов және Павлодар епархиясы Епархиялық басқармасының хатшысы, протоирей Алексий Степанов.