Жаңа пікірді жазу

Орталықтың инспекторлары отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін ойын лекциясын өткізді

 1104

2017 жылғы 1 ақпанда Орталықтың инспекторлары отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін «Жастар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени мұрасына сай сананы қалыптастыру» тақырыбына ойын лекциясын өткізді.

Бірінші теориялық бөлімде лекторлар жалған діни ұйымдардың қоғамның санасына деструктивтік ықпалының, жасөспірімдер мен жастар арасында интернет-ресурстар арқылы тарту мәселелері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ КҚТДО қызметкерлері толеранттылық сезімін тәрбиелеу, діни антирадикалдық иммунитетті дарыту және қоршаған ортаның шындықтарына сын тұрғысынан қарау өзін-өзі рухани жетілдіруге, қазақстандық патриотизм сезімін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Екінші практикалық бөлімде  балалар үшін тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды  түзету бойынша топтық тренинг өткізілді.  Тренинг барысында  тиімді қарым-қатынас жасаудың жаттығулары және дамыту техникалары көрсетілді. Тренингтің басты міндеті – балаларға жалғандықты айыра білуді, жалған діни ұйымдардың ықпалына түспеуге үйрету.