Жаңа пікірді жазу
АТЖ жөніндегі бөлімнің басшысы Асанбаева Зайда Өмірбекқызы
Асанбаева Зайда Өмірбекқызы, 1964 жылы 9.01. Павлодар облысы Успен ауданының Заготскот ауылында туған.
1991 ж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті (Алматы қ.) «биология пәнінің мұғалімі» мамандығы.
2000 ж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті (Алматы қ.) «орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы.
Еңбек қызметі:
1981-1997 ж.ж. Химия және биология мұғалімі, Успен ауданы Ильичев орта мектебінің оқу және сыныптан жұмыс жөніндегі меңгерушісі;
1997-1998 ж.ж. Ақсу қаласы №8 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
1998-2005 ж.ж. Әдістеме кабинетінің меңгерушісі, бас маман, Ақсу қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары, облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының әдіскер-кураторы, Павлодар қаласы;
2005-2010 ж.ж. Облыстық базалық колледжінің әдіскері, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің қазақ тілі және іс қағаздары пәнінің мұғалімі, Павлодар педагогикалық институты әкімшілік департаментінің ұйымдық- бақылау жұмысы жөніндегі жоғары санаттағы маманы, ПМПИ қазақ тілі мен іс қағаздары пәнінің оқытушысы;
2010-2012 ж.ж. Павлодар облысы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттырудың аймақтық орталығы қайта даярлау бөлімінің әдіскері, аға әдіскері;
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін: Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы.
Павлодар облысының орта арнаулы оқу орындарына арналған «Әдістемелік хабаршы», «Методический вестник» журналына редакторлық етті.
Наградалары:
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі, ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 59 Жарлығымен;
Мәдениет және спорт министрлігінің Грамотасы, ҚР Дін істері комитетінің Грамотасы (2014-2015 жылдар);
Павлодар облысы дін істері басқармасының Грамоталары, алғыс хаттары .
Вы можете задать вопрос руководителю отдела по ИРР через форму комментирования, ниже. |