Жаңа пікірді жазу

«Зайырлылық –қазақстандық қоғамның тұрақтығын сақтау факторы ретінде» тақырыбына дөңгелек үстел

 1245

Белгілі қазақстандық ғалым, дінтанушы, «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ директоры А.П.Әбуовтің, облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәрияновтың, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаеваның, орталықтың теологы Р.Ж. Чингужановтың қатысуымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының базасында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел басындағы отырыста дін және дін ұстану, бүгінгі күні өзектілігі және маңыздылығы артып отырған конфессияаралық және мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар, Қазақстанның көпконфессиялы халқының бірлігін, келісімі мен достығын сақтау проблемалары талқыланды. Отырыс барысында «тарих» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер белсенді қатысты, дін және дін ұстану мәселелерін, конфессияаралық және мемлекеттік-конфессияаралық қатынастарды зерттеуге байланысты сұрақтар көтерілді.

Студенттер дөңгелек үстел барысында өздерін дін саласында  қызықтырып жүрген көптеген сауалдарына жауаптар алып, маңызды қадам жасағандарын атап өтті.