Жаңа пікірді жазу

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Павлодар облысы тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстарын өткізді

 1754

Ағымдағы жылғы 14-15 қыркүйек күндері дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) Павлодар облысы тұрғындарының арасында түсіндіру іс-шараларын өткізді.

РАТТ құрамына  енді: ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің   Дін істер комитеті Ғылыми-зерттеу және аналитикалық орталығының директоры ӘБДІРАСЫЛҚЫЗЫ АЙНҰР, ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті Халықаралық мәдениет және дін орталығының басшысы ЕСЕНОВА ДИАННА БЕКХАНҚЫЗЫ, ҚМДБ уағыз және түсіндіру жұмысы бөлімінің меңгерушісі ОҢҒАРОВ ЕРШАТ АҒЫБАЙҰЛЫ,»Нұр Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің оқытушысы ғылыми қызметкер  С. ТӘЖІБАЕВ.    

РАТТ сапарының мақсаты  Қазақстан Республикасында  діни экстремизммен және терроризмммен күрес бойынша кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру,  мемлекеттің дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған саясатын түсіндіру.

РАТТ мүшелерінің жұмысы  5512 әскери бөлімшесінің  әскери қызметшілерімен басталды. Тыңдаушылар алдында  облыс дін істері басқармасының басшысы  Д.Қ. Зәкәриянов,  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің   Дін істер комитеті Ғылыми-зерттеу және аналитикалық орталығының директоры А. Әбдірасылқызы сөз сөйледі.  Семинарға қатысушыларға радикалдық және экстремистік ағымдардың қызметі туралы түсініктемелер берілді, олардың қызметтерінің мәні және ықпалдарының салдары толық ашылды.  

Бұдан соң Достық үйінде РАТТ мүшелері Әбдірасылқызы А., Оңғаров Е.А., Есенова Д.Б.  ақпараттық-түсіндіпру топтарының  мүшелері, атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін  семинар өткізді.Жиналғандар түрлі мақсатты топтары арасындағы идеологиялық жұмыстың, әңгімелесулер ұйымдастыру нысандарының  заманауи әдістерімен, ақпараттық-әдістемелік құралдары мен материалдарды тиімді пайдалану тәсілдерімен  таныстырылды.

Сонымен қатар Әбдірасылқызы А., Есенова Д.Б. Тәжібаев С.  ПМПИ студенттерімен және спортта дарынды балаларға арналған  мектеп-интернат жаттықтырушыларымен және  тәрбиеленушілерімен түсіндіру жұмысын өткізді.  

Студенттермен кездесу барысында мамандар оқушыларға  деструктивтік діни ағымдардың ықпалдарынан  қалай алшақ болу жолдарын айтты. Дәстүрлі діндердің ерекшелігін, дәстүрлі емес жалған ислам топтарының  айырмашылықтарын түсіндірді. Кездесу соңында лекторлар  студенттерді қызықтырған және толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Жоба шеңберінде түсіндіру тобының мүшелері  Оңғаров Е.А. және Тәжібаев С. Мәшһүр Жүсіп мешітінде дәстүрлі емес діни ағымдар өкілдерімен, жамағатпен және жұмыссыз жастармен кездесті.