Жаңа пікірді жазу

Қазақстандағы деструктивті діни ағымдар және діни саясат

 7528
Дастанбек Кенесов, религиовед ЦАРМО

Қазақстан – азаматтардың өз дүниетанымын таңдауда тек заңнама ретінде емес, іс жүзінде тең құқылы мүмкіншілікті кеңінен берген зайырлы мемлекет. Қоғамда ешқандай құндылықтарда монопольдік (біртұтастық) құқық жоқ, барлық азаматтарға рухани ізденісте өз ойларын жүзеге асыруға түгел жағдай жасалған. Қазақстанда білім беру зайырлы сипатта болғанымен, қазіргі әлеуметтік жағдайда ғылымның да, діннің де гуманитарлық қызметінің жалпы міндеті ағарту қызметі екенін барлығымыз да түсінеміз.

Қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы мен отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, ислам дінін терең білмейтіндер, діни сауаты жоқ адамдар, ағымдардың үгіт-насихаттарына тез ілігеді.

Қазақстанда қалыптасқан діндарлық пен зайырлықтың идеялық бірлігі мемлекет негізін құрушы этностың, сол сияқты қоғамдағы басқа да этникалық топтардың тарихи және мәдени дәстүрлері арқасында мүмкін болып отыр.

Елдегі діни жағдайды білу, сонымен қатар оны бақылау қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Жоғалған діни негізде зорлық пен зомбылық, жеккөрушілік жүйелі түрде іске аспай тұрғанда, ол ұйымдасқан террорға ауыспай тұрған уақытта олар оған қарсы тұра алатын шараларды дайындауы керек. Діни экстремизм мәселесі жаһанды тенденция болып отыр және ол үшін ешқандай географиялық шекара жоқ. Сондықтан қарама-қарсы әрекеттер мен шаралар жүйелі болуы керек. Қарама-қарсы әрекеттер жүйелі кең көлемдегі мәселелерді қамтиды, олар әртүрлі институттар мен ұйымдар: құқық қорғау органдарынан бастап діни ұйымдарға, білім беру және ғылыми мекемелерден бастап ағартушылық қызметпен айналысатын ҮЕҰ-ға дейін тығыз байланысты.

Деструктивті діни ағымдар халқымызды өздерінің жақтарына алдау үшін, дәстүрлі ислам дінінің атын жамылып немесе тіл курстары мен қағаздар тарату арұылы өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізеді. Ең алдымен нысанда тұрған адамның әлеуметтік жағдайын біліп, отбасындағы мәселелерді қарастырып, психологиялық әсер тигізіп, өздерін жақсы ұйым ретінде көрсетіп арбап алады. Дипломдық жұмысымның барысында осы деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктерін анықтау арқылы, олармен күресу жолдарын көрсеттім.

Бүгінгі таңда болып жатқан экономикалық, саяси, ақпараттық, мәдени және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белглі бір негативті жағдайларға да әкеледі. Адамзат өткен ғасырдағы қырғи-қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа бүкіләлемдік мәселемен тікетіресті. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелер халықаралық экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері және соның ішінде діни-саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм және т.с.с. түрлі-түрлі пішіндер болып табылады.

         Деструкивтіліктің пайда болуының басты себептері:

         – елдегі азаматтардың әлеуметтік мәселелерінің төмендеуі;

         – мемлекетімізде діни сенімнің дұрыс жұмыс жасап жатқандығының төмендігі;

         – тіркелмеген діни ұйымдардың мәліметтерін тиянақты зерттелмеуі;

         – мемлекетімізде белгілі бір діни идеологияның жоқтығы, т.б. жатады.

 Осы көрсетілген факторлар еліміздегі діни мәселелердің, деструктивті ағымдардың заңсыз өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізу болып отыр.

Зайырлы білім беру жүйесінде «Дінтану» пәні міндетті пәннің бірі болуы тиіс және ол оқушылар мен студенттерді ақпараттандыруға, дін түрлерінің көптігі туралы білімдерін қалыптастыруға, әлемдік діндердің мәдени дамудағы рөлін, діннің тарихтағы және қазіргі уақыттағы рөлін көрсетуге, сонымен қатар дінді саяси мақсатта қалай пайдаланатынын тусінуге бағытталған. Пән базалық матрица ретінде жалпы адами құндылықтар жүйесін қабылдауға көмектесуі керек.

Тілшілер қоғамдастығы үшін өткізілген бірқатар іс-шаралар тәжірибесі бізді дін тақырыбын жалпы дискурс ретінде де, діндарлықтың әртүрлі аспектілерін түсіндіру барысында да ашып жариялайтын адамдар үшін арнайы кәсіби қайта дайындау керек екендігіне көзімізді жеткізді. БАҚ-да экстремизмді болдырмау тақырыбын ретімен, халықтың құқықтық санасын қалыптастыру позициясынан ашып, жариялау маңызды.

Қазақстандық қоғам үшін діни ағарту жұмысы өте өзекті мәселе. Дүкендер сөресінде әртүрлі әдебиеттер толып тұрғанымен, бүгінгі күні елдегі азаматтардың дүниетаным аясында қажетті білім мен керек бағыт әлі жетіспейді.

Еліміздегі дін мәселесінің соншалықты ушығуы өзінен өзі пайда болған жоқ. Ол – дәстүрлі, ұлттық, діл мәселелерімен ортақтасып отыр. Сондай-ақ, дәстүрлі исламның атын жамылып, ондағы заңдарды өзгертіп өздеріне қарай бұрмалап жүрген ағымдардың үгіт-насихаттарының саны көбейіп келе жатқанын көрудеміз.

Мемлекет пен дін арасындағы қазіргі уақыттағы басты мәселелерінің бірі болып табылатын – радикалистік топтардың іс-әрекеттерін, құрылымдарын анықтау дипломдық жұмысты жазу, зерттеу барысында анықталды.

         Дипломды зерттеу барысында нақты белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі факторлар іске асты:

         – тақырып бойынша кітап, әдебиеттерді қарастырдым;

         – деструктивті ағымдардың іс-әрекеттері мен құрылымдары анықталды;

         – қаіргі кездегі деструктивті ағымдардың қоғамдағы орны мен рөлі анықталды;

         – мемлекет пен дін арасындағы өзекті мәселелер айқындалды;

         – еліміздің басқа да шетелдерге ортақ мәселелерді шешудегі қосқан үлестері анықталды;

         – деструктивті діни ағымдармен күресу жолдары зерттелді.

Қазақстан Республикасындағы дінге байланысты заңдарды қарастырып, тіркелмеген немесе заңсыз деструктивті, миссионер ағымдардың жұмысы анықтадым. Мемлекетіміздің дін аясындағы мәселелерді қалай шешіп отырғанына көңіл бөлдім. Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасты біліп, халықаралық діни экстремизм мәселесіне ортақ органдардың жұмылып жұмыс жасағандарымен таныстым.

Қазіргі кездегі заңмен тыйым салынған болса да, әлі де өздерінің жұмыстарын жүргізіп отырған ағымдардың бар екенін анықтадым. Оның ішінде «Ата жолы», халқымызды бір жерге жинап (Семей, Өскемен) қалаларына, ол жақтан ата-бабалардың зират басына апарып, сонда көп жаяу жүргізіп, үңгірлерге кірзігіп, зират басында түнейді. Мысалға, бұрын өздері жеке конфессия болып есептелген «Грейс Благодать», «Надежда», «Жаңа өмір», «Сен Бук Ым» сияқты діни бірлестіктер «Елуіншілер» діни шіркеуінің құрамына енді.