«Секуляризм: түсінік пен тәжірибенің вариативтілігі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

 1940

29 наурызда Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде ПМПУ ҚХА тарих кафедрасының оқытушылары мен студенттері үшін «Секуляризм: түсінік пен тәжірибенің вариативтілігі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану кафедрасының доценті, ф.ғ.к.Камарова Р.И. қатысты.

Камарова Р.И. тыңдаушыларға ғылыми пән ретінде дінтану туралы баяндады. Сондай-ақ лектор «секуляризм» түсінігінің мәнін ашып, оның әлемдік тарихтағы және заманауи қазақстандық қоғамдағы орны туралы әңгімеледі.