Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрында «Адасқандар» спектаклі көрсетілді

 1708

2019 жылғы 21 - 22 мамырда Ж.Аймауытов атындағы   облыстық қазақ музыкалы драма театрында сюжеті  конфессияралық қарым-қатынастардың  маңызды мәселелерін қозғайтын  «Адасқандар» атты спектаклі көрсетілді.

Пьесаның сюжеті дәстүрлі емес діни ағымның жолын қуушылардың  үгітіне еріп, соғыс қимылдары болып жатқан Сирияға кеткен жас қазақстандық отбасының тағдырын баяндайды, олардың отандарына қайту үшін жасаған әрекеттері және қайғылы тағдыры суреттеледі. 

Көрсетілімді Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы Павлодар қаласының мектептері мен колледждерінің , сондай-ақ ЖОО студенттері  мен әскери-техникалық мектептің  курсанттары, Павлодар қаласы  5512 әскери бөлімшесінің әскери қызметшілері үшін ұйымдастырды. 

Негізгі мақсат – жастардың берік антитеррористік сана-сезімін қалыптастыру.