«Қазақстандық радикалсыздандыру тәжірибесі ЕҚЫҰ семинарында ұсынылды» – сарапшы Г.Раздықова
Австрияда, Венада «Лаңкестікпен шетелдік күресушілер - ағымдағы міндеттерді шешу» тақырыбына өткен азаматтық қауымдастық семинарында террорлық белсенділік аймағынан қайтарылған әйелдерді радикалсыздандырудың қазақстандық тәжірибесі ұсынылды. Іс-шараны UNOCT бірлескен қауіпсіздіктің жаһандық орталығының және ЕҚЫҰ қолдау көрсетуімен Албанияның төрағалық етуімен ЕҚЫҰ, UNOCT және Швейцариямен ынтымақтастықта шақырылған жоғары деңгейдегі бірлескен аймақтық конференция қарсаңында ұйымдастырылды. Семинар барысында БҰҰ құрамына кіретін елдер үшін шетелдік әскери террористердің репатриациясына, реинтеграциясына арналған кеңейтілген отырыс өтті.
Павлодар облысының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Раздықова «Террористік бел-сенділік аймағынан көшірілген әйелдерді радикалсыздандырудың қазақ-стандық тәжірибесі» тақырыбында презентация жасады.
Сарапшы өз сөзінде әскери іс-қимылдар аймағынан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қазақ-станда бұл жұмыс екі кезеңде жүргізілді. Бұл Каспий теңізінің жағалауын-дағы Ақтау қаласындағы карантиндік кезең және екінші кезең бүгінгі күні жалғасуда, өйткені бұл әйелдерді оңалту әлі аяқталған жоқ және бұл жұмыс белгілі бір уақытты алады. «Бұл әйелдер бір ай немесе бір апта ішінде тер-рорист болған жоқ, Сирияда 6-7 жыл өмірін өткізген әйелдер бар. Қазір процесті кері бұру үшін көп уақыт қажет. Бүгінгі таңда біз мінез-құлықтық өзгерістерді байқаймыз, бірақ когнитивтік дүниетанымдық өзгерістер бәрінде байқалмайды», - дейді Гүлназ Мақсұтқызы.
Шетелдік сарапшылар: «Біз халықаралық трибуналарды ұсына отырып, террористік топтардан оралған әйелдерді тым дәріптеп кетпейміз бе?» деген сауал қойды.
«Біз өз-өзімізді алдамаймыз, бұл адамдарды ерлік жасағандай етіп көрсетпейміз, сонымен қатар оларды стигмаға салмаймыз, сондай – ақ виктимизация жоқ - оларды қылмыс құрбандарына айналдырмаймыз. Біздің ерікті әйелдер - лаңкестікпен күрес жолына түскен әйелдер. Олар өздеріне жарақаттан кейінгі синдромнан шығу үшін ішкі күш тапты. Кейбір әйелдер үшін бұл жарақат одан әрі өсуге себеп болды. Олар кітаптар жаза бастады, ақпараттық-түсіндіру қызметімен айналысты, БАҚ-пен белсенді ынтымақтас-тықта жұмыс істеуде, сұхбаттар береді және т. б. істер атқарады.
«Қоғамда осы әйелдерге қатысты белгілі бір стигмалар бар, адамдарда олар туралы теріс түсінік қалыптасты. Біз ұзақ уақыт осы адамдарды құбыжық етіп көрсеттік, ал енді оларды қоғамның қабылдағанын қалаймыз. Қазір біз әріптестерімізбен осы қоғамдық стигмаларды еңсеру бойынша үлкен жұмыс жүргізудеміз», - дейді Гүлназ Мақсұтқызы.
Өз сөзінде спикер екінші рет радикалдану факторларын атап өтті. Сондай-ақ, гендерлік көзқарасты ескеру қажет, қайтарылған әйелдердің бастапқы қарым-қатынасы ерлермен емес, әйелдермен болуы тиіс, өйткені олар зайырлы қоғамнан ұзақ уақыт оқшауланды. Теолог, психолог ер адам-дар кейінірек, яғни әйелдер жаңа жағдайларға бейімделгенде ғана жұмысқа қосыла алады.
Сөз сөйлеу барысында қазақстандық мамандардың әйелдермен жұмыс істеу барысында жасаған дерадикализация индикаторлары көрсетілді.
«Кейбір адамдар қайтып келгендерге қатысты скепсисті білдіргеніне қарамастан, оңалту мүмкін деп санайды, бұл жұмыс Қазақстанда жүргізіліп жатыр және белгілі бір нәтижелерге ие болып отыр», - дейді Гүлназ Мақсұт-қызы.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестер бір ауыздан терминдердің бірыңғай глоссарийін әзірлеу керек деген пікірде болды, себебі, өкінішке орай, көптеген мамандар бір термин ретінде әр түрлі нәрселерді түсінеді. Атап айтқанда, Г. Раздықованың пікірінше, әскери іс-қимылдары аймағынан қайтарылған адамдарға қатысты «репатриация» сөзін пайдалану даулы мәселе болып табылады. Сондай-ақ, терроризмге қатысты «зорлық-зомбы-лық экстремизм», «діни экстремизм» терминдерін, «жихад, джихадист» діни терминдерін пайдалану да қайта қарастыруды талап етеді.
Талқылау барысында сарапшылар «Жусан» арнайы операциясын медиалық сүйемелдеу және адамдарды одан әрі оңалту тәжірибесі бойынша сұрақтар қойды. Қазақстанның тәжірибесі бойынша спикер осындай іс-шара-ларды өткізу алдында журналистер пулын оқыту, тіпті кейіннен аккредитациялау қажет екенін атап өтті. «Өйткені, журналист жариялауда ерекше әдептілікті талап ететін жағдайға кезігіп, өте жеке, отбасылық трагедиялармен, «ашық» жарасы бар адамдармен кездеседі. Бұл тақырыптардың дұрыс жарияланбауы қоғамда кері реакция тудыруы, бұл адамдардың бейнесін дұрыс көрсетпей, стигматизация тудыруы мүмкін», - деп есептейді Г. Раздықова.
Қазақстандық мамандардың тәжірибесі репатриация процесін әлі бастаған барлық мемлекеттер өкілдерінің үлкен қызығушылығын туғызды. ЕҚЫҰ өкілдерінің айтуынша, «Қазақстан террористерді эвакуациялау және оңалту бойынша жетекші орында тұр. Бүгінгі таңда террористік белсенділік аймағынан 850 адам эвакуацияланды, оның ішінде 600-і Қазақстанның үлесіне түсті».