Ержан Нүкежанов: «Зайырлылық – әр адамның бейбіт мемлекет құра алуы»

 1421

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов «Литер» газетіне сұхбат берді, деп хабарлайды  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында Е.Нүкежанов мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті: «Зайырлылық қағидаттың арқасында біз әр адамның өз орны бар бейбіт, қауіпсіз және біртұтас мемлекет құра алғанымызды түсінуіміз керек.

Ержан Болатқанұлы Комитет қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен деструктивті діни идеологияның ықпалынан зардап шеккен азаматтарды оңалту және «Жусан» арнайы операциясы аясында қайтарылғандар туралы хабарлады.

Ол «Қазақстан азаматтарының лаңкестік әрекет аймақтарынан оралуы – мемлекет тарапынан жасалған гуманитарлық акция ғана емес, сондай-ақ қазақ халқының өзіндік дәстүрлері мен құндылықтарының айқын көрінісі…» екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Комитет төрағасы Қазақстанда және шетелде діни білім алу перспективалары, АҚШ-пен ынтымақтастық, сондай-ақ дінтанулық сараптамасы не үшін қажет екендігі жайлы айтты.

Источник: