«Қайрымдылық істер марафоны» басталды

 1001

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет Басшысы Қ. Тоқаевтың бастамасымен ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталды. Бұл жоба еліміздің азаматтарын мейірімділікке үндеп, қайырымдылық істер жасауға шақырады.

Осыған байланысты Облыстың дін істері басқармасының мамандары  Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп бірінші науқанды өткізді. 

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Мәшһүр Жүсіп орталық мешітіне қажет ететін көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасылар үшін балалар киімі берілді.