Профилактикалық кездесу «Қазіргі діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл»

 1447

Облыстың мектепке дейінгі  мекемелерінің педагогтық құрамы және қызметкерлері үшін  профилактикалық іс-шаралар өткізу жалғастырылуда. Қазырғы таңда Павлодар қаласындағы он төрт балабақшада: № 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,19,21,24  профилактикалық семинарлар өткізілді.

Бүгін, 2016 жылғы 11 мамырында   ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі   бөлімнің басшысы  Асанбаева З.Ө.  жалған діни ұйымдардың қоғамның санасына жасап отырған деструктивтік ықпалы туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстандағы дәстүрлі ислам, салт-дәстүрлер  мәселелеріне тоқталды. Қазіргі қоғамда дінаралық келісімді сақтаудағы  отбасылық құндылықтардың маңызы мен рөліне назар аудартты.

Тыңдаушыларға әдістемелік әдебиет таратылды, фильмдер мен роликтер көрсетілді.