Облыстық интернет-конференция

 925

Бүгін, 2016 жылғы 23 мамырында Павлодар қаласының №16 мектебінде, ақпараттық-түсіндіру жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы  Асанбаева З.Ө. Павлодар облысы ішкі істер Департаментімен бірлесіп: «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимыл» тақырыбына жалпы орта білім беру мектебтерінің оқушыларымен, мұғалімдер және ата-аналарымен облыстық интернет-конференция өткізді.

.Асанбаева З.Ө заманауи қоғам түрлі деструктивті діни ағымдардың, оккультті-мистикалық топтардың әсеріне шалдығады және олардың көп бөлігі тұлғаның рухани-әдептілік дамуына қатер төндіретінің жеткізді. Егер де, Сіз немесе Сіздің туған-туыстарыңыз деструктивті культтер әсеріне шалдыққан болсаңыздар онда сенім телефоны арқылы психологтың кеңесіне жүгіне аласыз: 8(7182)325050.

Сонымен қатар Сіз қажетті ақпаратты біздің әлеуметтік желілердегі беттерден де ала аласыз: Мой мир: carmo.pvl@mail.ru, Facebook: carmo.pvl, odnoklassniki: profile 553669852270, vkontaktе: id204432868.

Аталған интернет-конференцияның жұмысына 84 облыстық білім мекекелері байланысқа шығып қатысты.