Дінтану және діни білім беру мәселелері

 326

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдары дінтану саласындағы түйткілдерді  жан-жақты талқылады. Бұл ғылыми мәжіліс отандық дінтану саласының ең алғашқы ғалымдарының бірегейі, бірнеше салалық еңбектер мен мақалалардың авторы, PhD,  қауым. профессор Қалмахан Ержанның 50 жас мерейтойына орайластырып өткізілді. «Қазақстандағы дінтану мен діни білім беру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде алғы сөз сөйлеген проректор, PhD, доцент Қайрат Құрманбаев Қалмахан Сейтұлының өміріне шолу жасап, ғылым саласындағы қызметіне жылы лебізін білдірді. Ал Ә.Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшадин Керім мерейтой иесінің ғылым жолымен қатар, адами құнды қасиеттеріне кеңінен тоқталды. Елге берер еңбегі көп екенін айтып, сәттілік тіледі. Құттықтау сөздерді Дінтану кафедрасының доценті, филос.ғ.к. Алий Альмухаметов, Исламтану кафедрасының доценті, PhD Мухиддин Исаұлы, филос.ғ.к., доцент  Базар Хамзеева жалғастырып, жарты ғасырлық ізгі ғұмыр иесіне игі тілектерін үйіп-төкті. Ал ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас ғылыми қызметкері, филос.ғ.д., профессор Бақытжан Сатершинов өз ұжымының Бас директоры Серік Сейдумановтың арнайы құттықтауын табыстады. Ғылыми еңбектер топтамасынан сыйкәде жасады. Дөңгелек үстелді Қалмахан Сейтұлының әріптестері мен ізін басын келе жатқан жас ғалымдар, шәкірттері баяндамаларымен жалғастырды. Докторант    М. Махмет «Қазақстандағы діни білім берудегі өзекті мәселелер», А. Рыскиева «Қазақстандағы дінтану мен теологиялық білім берудің парадигмасы», Т. Имаммәди «Діндегі фанатизмге қарсы принциптер мен шынайы діндарлықтың өлшемдері», А. Темирбаева «Қоғамды цифрландыру жағдайында дін және дінтанулық зерттеулер», Т. Абылов «Дін әлеуметтануы мен психологиясын оқытудың қазіргі кездегі маңыздылығы», Ж. Тологон «Қ. Сейітұлының Қазақстандағы дінтану ғылымына қосқан үлесі» тақырыбында оқыды. Бүгінгі талқылаулар мен құттықтаулар Қазақстандағы дінтану мен діни білім беру саласындағы маңызды мәселелерді ашып көрсетті. Дінтану саласының ғалымдары мен ізденушілерінің қатысуымен өткен бұл шара, профессор Қалмахан Сейтұлының ғылыми еңбектеріне құрмет көрсетумен қатар, Қазақстандағы дінтану саласының даму бағыттарын айқындауда өзіндік сипат алды деуге болады.
 

Источник: