Дін призмасы арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін жеткізу

 466

Ұлттық салт – дәстүр жалпы қоғамның, отбасының, өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани сұраныстарын қанағаттандырады. Сұранысты дін призмасы арқылы іске асыру эффективті. Қазақ халқының мысалында дәстүр мен дін симбиозы тарихи кезеңдерде барлық мемлекеттік, әлеуметтік, заң, мәдени құрылымдарға ресми енгізілген. 
Сондай – ақ қоғам жалпы адамдардың, оның ішінде өскелең ұрпақтың рухани қажеттіліктерін үнемі қанағаттандырып отыруы керек, бұл жұмыс, жалпы адамзаттың «дұрыс» эволюциясындағы маңызды қажеттілік. Сондай – ақ ұлттың болашағы болып табылатын жастардың рухани тәрбесінің жан – жақты, әрі толықанды берілуі қоғам динамикасында үлкен рөл ойнайды.  
Жалпы тәрбие үдерісінде діннің рөлі жөнінде танымал ғалымдар, мысалы К.Д. Ушинский: «Дін тәрбие процесіндегі басты, әрі ең маңызды элеметтердің бірі, онсыз жеке тұлғаның қалыпасуы мүмкін емес» деген. Мұхаммед Пайғамбар (саллаллаху алейхи уа саллям): «ата – ана баласына бере алатын ең жақсы нәрсе – бұл жақсы тәрбие», «Балаларға мейірімді болыңыз және оларды ең жақсы жолмен тәрбиелеңіз» деген. Себебі дін – қоғам және отбасында ата – ана мен бала, үлкен мен кіші арасында орын алу керек жауапкершілікті нақты көрсетеді, мысалы: «Мұхаммед Пайғамбар (саллаллаху алейхи уа саллям) : «Не из нас тот, кто не проявляет милосердия к младшим, а также тот, кто не почитает (не уважает) старших» [umma.ru] деген.
Жалпы, қоғам динамикасында діни қағидаттарға сүйену немесе негізге алу тәжірибеде бар екені хақ. Маңыздысы қолданыс үдерісінің оңай жұмыс емес екенін түсіну. Қоғам және отбасы дайындығы маңызды. Мысалы, отбасында ата – ана жалпы тәрбие мен діни тәрбие аралық байланыстарды айыра білу керек. Қоғам мен ата – ана баланың діни сауатты болуы қосымша тәрбие емес екенін түсінуі керек. Қоғам – діни тәрбие бала тұлғасының рухани өмірінің ең бір «орталық ядросы» екенін түсінген дұрыс. Оны дұрыс қалыптастыру маңызды, себебі діни сауатты азаматтың қоғам дамуында атқаратын рөлі ескерілуі керек. Сонымен қатар, ескеретін жайт қазіргі жаһандану уақытындағы діннің қоғамдық рөлі.