Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана мешiтте неке қиюға болады

 1211

Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана мешiтте неке қиюға болады. Бұл туралы ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Дiн iстерi комитетi төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алудағы рөлi» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конферециясы барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана некенi мешiтте қиюға болады. Мешiтте некесiн қиғысы келетiн жастар неке туралы куәлiктi көрсетуi тиiс. Дiн iстерi комитетi Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасына мешіттерде некенi Әдiлет органдары берген куәлiк көрсетілгеннен кейiн ғана қиюды тапсырды. Яғни, мешiттердiң неке туралы куәлiктердi жайдан-жай беру фактiлерi жоқ. Мүмкiн, бұрын болған шығар, қазiр ол жоқ», - дейдi Ғ.Абзалбек.

 

 

 

 

Источник: