Павлодар облысы журналистерінің арасында өткізілген конкурстың қорытындылары шығарылды

 1063

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар саласындағы өзекті тақырыптарды үздік жариялауға журналистер арасында конкурс өткізді.

Конкурс жарияланымдар арқылы жұртшылықтың назарын өңірдің дін саласындағы проблемаларға аудару арқылы конфессияаралық келісімді нығайту, Павлодар облысы тұрғындарының толеранттылық санасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

БАҚ қызметкерлері арасындағы осындай конкурс алғаш рет өткізілді. Авторлардан 32 жұмыс түсті. Жұмыстар 3 номинация бойынша - «Баспалық басылымның үздік мақаласы», «Үздік теле- радиохабар», «Интернет-сайттың үздік материалы» іріктелді.

Қазылар алқасы журналистердің жұмысын тақырыптың өзектілігі мен өзгешелігі, автордың құзыреттілігі, тақырыпты баяндауы, ақпараттың шынайылылығы бойынша бағалады.

Дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыс етіп, авторлардың шеберлігін, ұсынылған жұмыстардың жоғары дәрежесін атап өтті.

Наградталғандар арасында ҚР Журналистер одағының мүшесі Сатыбалдин С. К., «Ертіс Медиа» ЖШС «Халық радиосы» редакторының орынбасары Сыбанжанова Р. С., «Ертіс Медиа» ЖШС «Pavlodarnews.kz» АА редактор-тілшісі Қабдыраш А. Қ. бар.