Дінге сенуші жастар арасындағы үстел теннисі бойынша турнирі
2016 жылғы 15 желтоқсанда «Астана» сауықтыру орталығында сенуші жастары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үстел теннисі бойынша турнир өткізілді.
Ұйымдастырушысы – Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы.
Аталған іс-шараға мешіт және басқа діни ұйым өкілдері, дінге сенуші жастар қатысты.
Турнирдің мақсаты – конфессияаралық келісімді нығайта түсу, түрлі конфессиялар мен сенімдер өкілдері арасында достық қарым-қатынасты орнату, салауатты өмір салтын насихаттау.
Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов және конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орта-лығының директоры Г.М. Раздықова құттықтау сөз сөйледі.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамотамен және жүлделермен марапатталды.