«Дәстүрлі және радикалдық діни көзқарастардың айырмашылығы»
23 ақпанда ПМПИ шетел тілдері кафедрасының студенттерімен кезекті профилактикалық кездесу өткізілді.
Теолог Бердімұратов Ж.Қ. дін негіздерін білмеу үдкен адасушылыққа соқтыратынын ескертті. Сондай-ақ ол қазіргі заманғы діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті мәселелері, өз қатарларына, соның ішінде интернет ресурстар арқылы тарту тактикалары мен әдістері туралы әңгімеледі.
Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Оларға толық жауаптар берілді.