КҚТДО инспекторлары бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде әдістемелік әдебиет таратты

 1482

Ағымдағы жылғы 12 маусымда Павлодар қаласының «Қазпошта» мекемесі базасында облыс жастар саясаты жөніндегі басқармасының жастар бастамаларын дамыту орталығы кезекті «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін» өткізді.

Іс-шарада Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының  инспекторлары діни экстремизмнің және терроризмнің таралуын ескертуге, сондай-ақ жастар арасында антирадикалдық иммунитетті дарытуға бағытталған әдістемелік әдебиет (буклеттер, кітапшалар) таратты.