Жат ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет отбасында қалыптасады

 3031
Сұхбаттасқан: Айгерім Оспанова

Жастарды жат ағымның ықпалынан қорғау туралы Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Зайда Асанбаевамен сұхбаттастық.

-Зайда Омірбекқызы, сіздің бөліміңіздің қызметкерлері жастарды жат ағымдар ықпалынан қорғау бағытында насихат жүргізіп келеді.  Балаларды деструктивті культтерден сақтандыру үшін ата-аналарға маман ретінде қандай кеңес бересіз? 

- Бүінгі күні жат пиғылды ұйымдардың жастарымызды өз қатарларына тартып, санасын ұлап жатқаны қомамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Сондықтан ата-аналар балаларының жүріс-тұрысын үнемі бақылап отырғаны абзал. Деструктивті культтердің қауіпі неде? Атауындағы «деструкция» деген сөздің мағынасы – қирату, зиян келтіру. Бұл секталардың адамға келтіретін психологиялық, қаржылай  т.б. зияны болуы мүмкін, өйткені бұл ұйымдардың ең басты мақсаты – адамның тұлғалық қасиеттерін қиратып, ақыл-есінен айырып, өздерінің талаптарын мүлтіксіз орындайтын құл ету. Секталардың ықпалында жүрген адамдардың көбі қалай теріс жолға түсіп кеткенін өздері де білмейді қалады.  Өз еркімен кірген болып есептеледі. 

Қазіргі жастар білімді, көкірегі ояу, көзі ашық емес пе. Қалай сонда секталардың құрығына түсіп қалады?

Өмірді жаңа тани бастаған жастар жаңашылдыққа, жаңа нәрселерге әрдайым құштар болады, сондықтан олар түрлі секталардың ықпалына тез түсіп қалады. Бірақ секталар жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан кез келген адамды өз ортасына тартатындарын айтуымыз қажет.   Кез келген адам олардың қақпанына түсіп қалуы мүмкін. Бірақ, өкінішке қарай, жат ағымдардың жетегінде кеткендердің дені – жас жігіттер мен қыздар. Жас буын еліктегіш, сенгіш келеді. Осыны ұтымды пайдаланып, жат пиғылды ағымдар жастардың санасын улауда, сондықтан ата-аналар өз балаларын, олардың араласып жүрген ортасын қадағалауы тиіс.   

Жат ағымдарға жасақтау қалай жүзеге асып жатады?

Дін атын жамылған жалған ұйымдарға тартушы өз құрбандарымен мақсатты жұмыс жасайды. Барлығы әдеттегідей әдемі өтеді. Адам олардың қармағына қалай түскенін де білмей қалады.

Жат дінге тартушыны басқа адамдар арасында қалай ажыратуға болады?

Қандай да деструктивті культ болмасын, олардың жасақтаушыларының белгілері бір-біріне ұқсайды. Көбінесе, бұл кез келген жағдайда маральді, психологиялық, материалдық тұрғыда сізге көмектесуге дайын тұратын ақ пейілді, бауырмал адам. Сіздің істеріңізге қызығушылық танытып, кез келген проблемаларыңызды шешуге асығады. Бірақ қошемет сөздерін жаудырып жатса да, өз ұйымына сізден қандай пайда алуға болатынын   салқынқандылықпен есептеп отырады.

Іске тартудың тактикасы бойынша жат ағымға тартушылардың басым көпшілігі алғашқы қадамын құрбандықтары өмірлік күйзеліс пен қиындықтарға тап болған кездерінде жасайды. Осындай жағдайларға бас ұрған жастардың көпшілігі өздерінің қиындықтарымен бетпе-бет қалып мәселені өздері шешуге тырысады. Тап осы сәтте әлгі жасақтаушының бірі жанынан табыла қалады, мейірімді құтқарушы кейіпінде оған керекті сөздері айып, жанашырлық танытады. Қиын-қыстау кезеңде адамға тек сөзбен емес, материалды, қаржылай көмек көрсеткен кезде оның ішкі жан-дүниесінде ризашылық пен сенім пайда болады. Мұндай сәтте бақылаушы сезім, сақтық, сынды сыни көзқарастар өздігімен жоғалады. Ол әлгі жасақтаушыға толығымен сенім артады. Құрбан толығымен жасақтаушыға сенген сәтте жат ағымға тартудың екінші кезеңі басталады. Сондықтан арбаудың торына түскен адамдар, олардың жақындары, туыстары «әттеген-ай, олардың тұзағына түскенімізді білмегеніміз қандай өкінішті» деп жатады. Көбіне уақыт жоғалтқандықтан бәрі кеш. Сана психологиялық зомбылауға ұшырады. Адам ол ортаға өзінің қалай түскенін білместен, толығымен жат ағымның қатарына сіңісіп кетеді.

Жат ағым жақтаушылары адамдарды тарту үшін тағы қандай айла-тәсілдерге барады?

Алдында айтқанымыздай жат ағымға тартудың бірінші түрі, бетпе-бет арбау болса, екінші түрі – бұл ғаламтормен тарту. Бұл әбден жетілдірілген аса қауіпті түрі. Себебі бала ғаламтормен бірге-бір қалады, жанында ересектер болмайды. Жас жеткіншектер ғаламтор арқылы танысып, өз араларында мәселелерді шешіп пікір алмасып жатады. Соңында жастар экстремизмнің шырмауына қалай түскенін өздері де байқамайды. МГУ университетінің студенті Варвара Караулова ғаламтор арқылы жас кісімен танысып деструктивті ағымның шырмауына түскенін есімізге түсірейікші. Сонымен бірге бұл ғаламтор болғандықтан  адамның болып болмағаны белгісіз. Ғаламтор арқылы жазысу барысында араларында достық қарым-қатынас орнап, нәтижесінде өз дінін өзгертіп, ДАИШ жасақтарының қатарына қосылмақ болған. Мұның соңы әкесі дер кезінде дабыл қағуының арқасында қызын аман алып қалды. Атап өтсек әлгі қыз өзінің жазасын абақтыда өтеуде. Міне ғаламтормен танысудың қаншалықты қауіпті екендігінің айқын мысалы.

Балаларды ғаламтордың арбауынан қалай сақтауға болады? Қазіргі таңда әрбір баланың компьютер алдында отыратыны даусыз.

- Бүгінгі таңда ғаламтормен арбау үдеп келе жатыр. Ата-ана баланың компьютер алдында отыруы үлкен қауіп екенін түсінуі қажет. Сондықтан ол қандай әлеуметтік желілерде отырғанын, кіммен қандай тақырыпта жазысып жатқандығына аса мән беруі керек. Бұны қазіргі таңда баласы бар әрбір ата-ана білуі қажет.

- Деструктивті діндерге жастар қалай түсіп жатады?

- Біздің орталықтың тәжірибесі бойынша радикалды, діни экстремистік ойларды ұстанатын барлық жастарға тән белгілі бір жалпы себептің жоқтығын сізге ашып айта аламын. Бірақ біз экстремистік ұйымдардарға тартылатын негізгі объектілер 15-16 жас пен 30 жас аралығындағы орыс тілді азаматтардың екендігін ашық білеміз. Олардың жалған дін ұйымдарына елігуі құбылмалы яғни біз оны бір фактормен ғана айта алмаймыз. Әрбір жақтаушының өз себептері бар. Біз оларды тек нақты бір белгілері арқылы топтастыра аламыз. Бұл: психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және діни факторлар. 

- Әрине мұндай жағдайды болдыртпау керек. Бірақ кенеттен адам осындай бір топқа ілігіп кетсе, оны қалай анықтай аламыз және не істеу керек?

- Айналадағы туыстарыңызда, балаларыңызда не болып жатқандығына мұқият қарауыңыз қажет.  Егер ата-ана баласының жүріс-тұрысында жөнсіз іс әрекеттерді байқап жатса дабыл қағу керек, яғни алдын алу қажет.

Бала тұйықталып, оның әдеттегі өмірі өзгере бастайды. Әрдайым белсенді болатын, секция, үйірмелереге т.б. қатысатын. Табан астында жаңа қызығушылықтар, жаңа достар пайда бола бастайды. Түрлі себептермен өзінің үйреншікті ортасымен аз араласуға тырысады. Бұл дабыл қағатын белгі.

Егерде сіз балаңызда немесе үлкендерде осындай өзгерістер байқасаңыз біздің carmo-pvl.kz сайтымызға, сондай-ақ 32-50-50 сенім телефонына хабарлассаңыз болады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Аты-жөніңізді айтпай құпия түрде хабарлассаңыз да болады, айтпағым атыңызды айтуда еш қажеттілік жоқ.  Неге мен бұл мәселеге зейін қойып отырмын? Көбінесе ата-аналар баласына көмек керек екенін біле тұра, әр түрлі себептермен қиындықтарын жасыруға тырысады. Жария болғанын қаламайды, өсек-аяңдар тарап оқу орнында ыңғайсыздықтар туындауынан қорқады. Олар бұл жағдайдың өздігімен өтіп кететініне үміттенеді. Бірақ бұл нәрсенің өздігінен өтіп кетпейтіндігін ескерген жөн. Ата-ана баласына қаншалықты көметескісі келгенімен бұл мәселеде көпшілігі дәрменсіз болып жатады. Міндетті түрде кәсіби мамандардың қызметіне жүгіну керек. КҚТДО орталығында осы сұрақтар бойынша білікті түрде айналысатын мамандар бар. Сіз неғұрлым жылдам барсаңыз соғұрлым адамды тез арада деструктивті ортадан шығаруға болады. КҚТДО сауықтыру бөлімінің практикасында уақытылы барған ата-аналардың талай тағдырлары сақталған. Тағы да естеріңізге сала кетейін сенім телефоны: 32-50-50. Бұл мәселемен жеке-дара қалуға болмайтындығын біліңіздер.     

Сіз жат ағымға тартудың негізгі екі тәсілін айтқан болатынсыз. Тағы да қандай айла-тәсілдерден сақтанған жөн?

Өкінішке орай, көбінесе деструктивті дінге ерушілерді, жасақтаушыларды бірден анықтау мүмкін емес, себебі олар өз жұмыстарын түрлі оқу орталықтарында, ағылшын тілі курстары, шешендік өнер т.б. сол секілді тегін тренингтер жүргізу арқылы жасырын жасайды. Жастарды айрықша қызықтыратын оның тегін өткізілуінде. Түрлі діни ағымдарға төтеп беру үшін осы тақырыпта ата-аналар балаларымен жиі сұхбаттасып, қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру керек. Балаларымызға осындай дүниелерді сараптауды үйретуіміз керек.  

Сөз соңында бөгденің идеологиясына төтеп беретін ең қажетті құралды айта кетсеңіз?

- Өкінішке орай, көпшілік ата-аналар материалдық игіліктердің соңынан қуып, рухани құндылықтарды ұмытып жатады. Бірақ тұлғаның адамгершілік негіздері отбасында қалыптаспайды ма? Ата бабасының дәстүрлі дініне деген құрметті, ана тіліне, салт-дәстүрге, тарихына деген құрмет пен махаббатты отбасында бойына баулу керек. Балалар жастайынан шынайы діннің тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, бір-біріне мейірімді болуға тек жарқын амалдарды жасауға үндейтіндігін білулері керек. Міне осындай рухани бай адамды тура жолдан тайдыру мүмкін емес. Ол бір тамырын тереңге жайған зор ағаш іспетті. 

- Сұхбатыңызға рахмет!