Качир ауданының тұрғындарына арналған көшпелі семинар

 2404

2017 жылғы 15-16 қарашада «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС қызметкерлері - ақпараттық-түсіндіру жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Асанбаева З.Ө. және инспектор Жағыпаров М.Б. Качир ауданының тұрғындары үшін көшпелі профилактикалық іс-шаралар өткізді. Байқоныс, Песчаное, Тереңкөл, Калиновка, Федоровка, Ивановка ауылдарының тұрғындарымен кездесулер болды.

Бөлім басшысы қазіргі діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті проблемалары, адамдарды жалдау әдістері, соның ішінде жастар мен жасөспірімдерді интернет-ресурстар арқылы өз қатарларына тартудың қауіптілігі туралы әңгімеледі. Қазіргі діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті мәселелеріне басты назар аударылды.

Асанбаева З.Ө. жалған діни ұйымдардың деструктивті ықпалының және дәстүрлі және дәстүрлі емес исламның мәселелеріне тоқталды.

Лекторлар ересектер мен жастардың барлық толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Семинарға қатысушылар 32-50-50 сенім телефонының жұмысы туралы айтты, әдістемелік әдебиет таратты, «Опасность интернет вербовки», «Чужая война», «О деятельности деструктивных культов», «Салафизм Қазақстан үшін қауіпті ме?» фильмдерін көрсетті.