«Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ директоры Раздықова Г.М.

Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы, 1980 жылы Павлодар облысында туды.

2001 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.  

2003 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын аяқтап, «тарих магистрі» деген біліктілік алды. 

2006 жылы 07.00.07 - «Этнография, этнология и антропология» мамандығы бойынша аспирантурадағы оқуын аяқтады.

2007 жылы Ф. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің диссертациялық кеңесінде «Этнический компонент в мусульманском образовании казахов Степного края в конце XIX- начале XX вв.» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.

2007 ж. – облыс әкімінің «Табысты жас қазақстандық» грантының иегері.

         2008 ж. – ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне қайта аттестатталды. 

2009 ж. – Қазақстанның жас ғалымдарына арналған мемлекеттік стипендияның иегері

2011 ж. - ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен «тарих» мамандығы бойынша доцент атағы берілді. 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» семинар-оқуында жаттықтырушы (2016ж. 23.09.).

ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша Ақтөбе қаласында әйелдер жамағатын радикалсыздандыру бойынша оңалту жұмысын жүргізді. Барлық өңірлердің үздік мамандары ай бойы Бас прокуратураның басшылығымен адамдарды радикалдық әрекеттерге (террористік акт, қылмыстар) итермелейтін мәселелерді талқылады 15- 28 қазан.).

2016 жылғы 3-14 желтоқсанда ҚР ҰҚК академиясында оқудан өтті. (Алматы қ.).

  • «Қазақ этнографиясының кітапханасы» сериясының «Қазақтардың діни танымдары» ғылыми мақалалар жинағын құрастырушы.
  • «Қазақстандағы мұсылманша білімнің тарихы» оқу құралының авторы (2010 ж..).
  • 50 шақты ғылыми мақалалары мен тезистері, соның ішінде шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланды.

 2001-2017 жылдары Қазақстан мер Ресейдің 25 халықаралық конференциясына қатысты.

Өскемен, Көкшетау, Екібастұз, Атырау, Астана, Ақтөбе қалаларында жастар мен балалардың деструктивтік культтердің ықпалына түсуге жол бермеу бойынша лекциялар мен тренингтер өткізді. 

«Қазақстан  халқы ассамблеясының 20 жылдығы» медалімен наградталған.

 

ПЕРСОНАЛЬНЫЕ СЕРТИФИКАТЫ:

 

Вы можете задать вопрос директору Центра анализа и развития межконфессиональных отношений через форму комментирования, ниже.