Cыбайлас жемқорлық - кез-келген қоғамның індеті. Адамдық тұрғысынан да, діни тұрғыда да оны ақтап алу мүмкін емес. Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдары «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Ертіс –адалдық алаңы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде жемқорлық пен парақорлық мәселесін талқыға салды. Бұл шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Н.С.Жахин, облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәрияновтар да арнайы келіп қатысты.
Жаңалықтар/БАҚ-қа шолу
|
Құрметті отандастар! Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! |
Zakon.kz осы және басқа да сұрақтарға Павлодар облысы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлназ Мақсұтқызы Раздықовадан жауап беруді өтінді. |
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінде «Ырыс алды – ынтымақ» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. |
Қазақстан Республикасының жаңа заң жобасында деструктивті діни ағымдардың атрибуттарын немесе сыртқы белгілерін жұртшылық алдында көрсетіп жүруге тыйым салынады. Радикалды және экстремистік ұйымдардың адептілерін қандай белгілері бойынша тануға болады? Осы жөнініде біз Павлодар Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықовамен сұхбаттасқан едік. |
«Экстремизм эпидемиясы» документальный фильм. |
Қазіргі таңда қоғам мен мектеп арасында хижап мәселесі жиі дау тудырып, өзекті дүниеге айналды. Өзге ұстанымдағы қандастарымыз зайырлы мемлекеттің заң талаптарын елемей, қыздарын жалпы білім беру ошақтарына тұмшалап жіберуі көпшілік тарапынан талқыға айналғаны қашан. Бір қызығы, балиғатқа толмай басына «қара жамылған» қаракөздерді қолдайтындар да бар. Ұлттың ертеңін ойлап, улап-шулағандар да жетерлік. Мәселенің мәнісін философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетайдан сұраған едік. |
Елді елеңдетіп отырған мәселенің бірі – екпе (вакцина). Бұл – балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егіледі. Өкінішке қарай, екпе егуге қарсы ата-аналар көбейді. Денсаулық сақтау қызметкерлері болса, баланың өмірін ұзарту үшін қолданатын екпенің зияны жоқ екенін айтып, шырылдап бағуда. Мамандардың пікірі, екпесіз ұлттың ертеңі бұлыңғыр дегенге саяды. Мұны дамыған елдердің медицинасы әлдеқашан мойындап қойған. |
Павлодар қаласында «Омар әл-Фарух» деп аталатын күмбезі көкпен таласқан тағы бір зәулім мешіт есігін айқара ашты. Бұл жаңа мешіт Павлодар қаласындағы 7-ші, облысымызда 99-шы мешіті болып ашылып отыр. |
Радикалды ағымдардың идеологиясының таралуы әлем халықтары үшін бірінші кезектегі проблемалардың қатарына еніп отыр деуге толық негіз бар. Себебі, БҰҰ, Еуропа кеңесі т.б. көптеген халықаралық ұйымдар экстремизм мен терроризмге байланысты біршама құжаттар қабылдаған. |