Ақтоғай жастары экстремизмге қарсы шықты

 3126

Өткен жексенбіде Павлодар облысы Ақтоғай ауылының  орталық алаңында Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы  Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «STOP Terrorism» би флэш-мобы іс-шарасын  ұйымдастырды.

Флэш-мобқа 100-ден астам аудан орталығының жалпы білім беретін мектептерінің  оқушысы және жастар қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары  Асылхан Манкеев  жиналған жастар алдында кіріспе сөз сөйлеп,  жастарды  патриоттыққа, қоғамның рухани-адамгершілік дәстүрлеріне тәрбиелеудің маңыздылығын баса айтты. 

КҚТДО ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева  жастарға радикалдық идеологияны тарататын, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін түрлі деструктивті діндердің ықпалына түсу қаупі туралы айтып берді. Жастар көбінесе діни қоғамдар, бизнес-семинар-лар, психологиялық тренингтер түрінде жұмыс істейтін ерікті ұйымдардың ар жағында қоғамның рухани негізін, отбасылық қарым-қатынастарды, қоғамдық ұстанымдарды бұзатын әртүрлі саяси күштер тұрғанын есте сақтауы тиіс. «Фанат  адамдар әлемді қара-ақ бояуларда көреді, басқа дін-дерге дұшпандықпен  қарауы мүмкін. Бірақ біз қазақстандықтар көпұлтты, көпконфессионалды зайырлы мемлекетте өмір сүреміз және біздің жаста-рымыз бұл ұлттар мен конфессиялардың көптүрлілігін бағалайды», - деп атап өтті Зайда Өмірбекқызы.

«Дипломмен ауылға»  бағдарламасы бойынша келген жас ақын Шапей Бағдаулет бүгінгі таңда ауыл жастары үшін жас ұрпақтың жақсы қасиеттерін көрсетуге барлық жағдай жасалғанын атап өтті.  «Біз әрқашан айналадағы-ларға оң көзқарасымызды білдіруіміз керек және біздің татулығымыз бен бейбіт аспанымызды  қорғауымыз керек», - деді ол.

Кездесу соңында жастар би флэшмобқа қатысып, хормен бірге: «Біз бейбіт Қазақстанды қолдаймыз! Терроризмге жол жоқ!» деп, аспанға қара және ақ шарлар ұшырды. Қара - ақ түсті  шарлар экстремизм мен терроризмнің қауіпті көріністеріне төзбеушіліктің, ал ақ түсті шарлар -қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қолдау белгісі.

Жыл сайын Ертіс өңірінің жастары арасында қоғамда татулық  пен келісімді қолдау мақсатында флэшмоб өткізу дәстүрге айналды. Павлодар, Ақсу қалаларының жастары осындай кездесулерге қатысып, діни терроризмге және экстремизмге өздерінің төзбеушілік көзқарастарын білдірді. Аудан орталықтарының жастары арасында осындай флэшмоб алғаш рет өткізілді.