Діни экстремизмге қарсы ақпараттық іс-қимыл бойынша семинар-тренинг өткізілді

 246

2019 жылғы 26 сәуірде дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық жұмыстың принциптері мен басымдықтары» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді.    

Лекторлар ретінде шақырылды:Рыль Ольга Владимировна, «Құқық» ҚҚ басшысы( Нұр-Сұлтан қ.); Қазкенов Қазбек Майлы-байұлы, профессор, философия ғылымдарының докторы ( Нұр-Сұлтан қ.); Мадияров Мирхат Мұратұлы, «Шаңырақ» діни мәселелер бойынша алдын алу, кеңес беру және оңалту орталығының   басшысы  ( Алматы қ.); Чингужанов Рауан Жұмабайұлы, теолог¸ республикалық  ақпараттық-түсіндіру  тобының мүшесі (Алматы қ.).Семинар-тренингтің мақсаты:  діни ұйымдардың мемлекеттік органдармен  өзара іс-қимылы мәселелерін талқылау; жер-жерлерде АТТ  жұмысының тиімділігін арттыру; кәсіби білімнің  және дәстүрлі емес діни ағымдармен жұмыс дағдыларының деңгейін арттыру; тұрғындар, әсіресе  нысаналы және «проблемалы» топтар  арасында   кәсіби даярлығы бар дін қызметшілерін тарту жолымен  радикалдық діни ағымдар идеологиясын әшкерелеуге бағытталған  ақпараттық-түсіндіру жұмысын  жандандыру.