Жаңа пікірді жазу
Діни экстремизмге қарсы ақпараттық іс-қимыл бойынша семинар-тренинг өткізілді
2019 жылғы 26 сәуірде дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық жұмыстың принциптері мен басымдықтары» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді.
Лекторлар ретінде шақырылды:Рыль Ольга Владимировна, «Құқық» ҚҚ басшысы( Нұр-Сұлтан қ.); Қазкенов Қазбек Майлы-байұлы, профессор, философия ғылымдарының докторы ( Нұр-Сұлтан қ.); Мадияров Мирхат Мұратұлы, «Шаңырақ» діни мәселелер бойынша алдын алу, кеңес беру және оңалту орталығының басшысы ( Алматы қ.); Чингужанов Рауан Жұмабайұлы, теолог¸ республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі (Алматы қ.).Семинар-тренингтің мақсаты: діни ұйымдардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мәселелерін талқылау; жер-жерлерде АТТ жұмысының тиімділігін арттыру; кәсіби білімнің және дәстүрлі емес діни ағымдармен жұмыс дағдыларының деңгейін арттыру; тұрғындар, әсіресе нысаналы және «проблемалы» топтар арасында кәсіби даярлығы бар дін қызметшілерін тарту жолымен радикалдық діни ағымдар идеологиясын әшкерелеуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыру.