Ең бастысы – жат ағымдарға тосқауыл қою

 2561
Беседу вела Гаухар Кыпшак

Экстремизмнің алдын алу бойынша қоғамымызда өткізіліп отырған жұмыстар тұрғындарға байқала қоймайтын, бірақ өте жауапты да өте қажет жұмыс. Біз осы жөнінде Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Зайда Өмірбекқызы Асанбаевамен сұхбаттастық.

Зайда Өмірбекқызы, бүгінгі күні Павлодар облысында дәстүрлі емес діни бірлестіктерге тартылғандардың саны едәуәр азайғаны байқалып отыр. Біз осы жағдайда Сіздің бөлім өткізіп отырған алдын алу шараларымен байланыстыра аламыз ба?

Міне, бес жыл бойы біздің бөлім  тұрғындар арасында азаматтардың деструктивті діни ұйымдарға тартылуын ескерту мақсатында  алдын алу жұмыстарын атқарып келеді. Бұл қауіпті толық жою жөнінде айту әлі ертерек. Дегенмен де, бүгін қоғамдағы діни ахуал тұрақты деп сеніммен айта аламыз. Әрине, бұл  - Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша өткізіп отырған кешенді жұмысының жемісі.  Бүгін мен Орталықтың құрамында аталған істерге үлесін қосып отырған өз бөлімімнің қызметі жайлы айтқым келеді.

Сіздің бөлім қызметінің мақсатын қысқаша қалай тұжырымдар едіңіз?

Жұмысымыздың мақсаты – облыс тұрғындарының арасында антирадикалдық иммунитетті дарыту. Бұл өте маңызды фактор. Егер адамдар  проблеманың мәнін түсінбесе, олардың деструктивті культтердің ықпалына түсуі  оп-оңай.  «Антирадикалдық иммунитетті дарыту» дегеніміз не? Ол   адамның өзін және өзінің ортасын түрлі культтер адептілерінің ықпалынан қорғай білу қабылеті. Алдыңғы кездесуімізде деструктивті культтердің адам санасын улайтынын  айтып кеткен болатынмын. Адам олардың торына түсіп қалған болса, одан оны шығару өте қиынға түседі.  Олар құлаққа жағымды әдемі атаулармен, қайырымды үндеулермен бүркенуі мүмкін. Ал осындай ұйымдарда адамды ең әуелі отбасынан, кейіннен қоғамнан алшақтатуға  мақсатты  насихат жүргізіліп, адамның тұлғасын адептілердің мүдделерін қалтқысыз орындайтын зомби қылып  өзгертеді.  Ал кейіннен осында қыспаққа түскен адамның өзі де қоғамға қауіпті болады. Сондықтан да біздің бар қызметіміз  осындай ұйымдардың қауіптілігін түсіндіру, олардың қатарына тартылудан қорғау.  

Кейде деструктивті культтер желілік маркетинг  түрінде жұмыс жасайды, жауыннан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты самсап шыға келеді. Сондықтан да Сіздердің міндеттеріңіз адептілердің жолын кесу шығар. Адамдарды жаппай қамтитын  түсіндіру жұмыстарының нысандары бар ма?

Сіз дұрыс айтып отырсыз, адамдар қауіптілік жайлы жақсы хабардар  болса, біз  оларды қауіпті ұйымдардың  ықпалынан құтқара аламыз.   Адам қаншалықты хабардар болса, соншалықты  қаруланған деген пікір бар ғой. Біз жұмыстың дәстүрлі нысандарын  өткіземіз. Бұлар лекциялар, тренингтер, конференциялар, дөңгелек үстелдер және т.б. Сонымен қатар, инновациялық нысандарды қолданамыз, мысалы,  онлайн-конференциялар өткіземіз.  Біздің Орталықтың сайтында діни экстремизмнің алдын алу саласындағы  мамандармен онлайн-конференцияларды жүйелі өткізіп тұрамыз. Бұл іс-шараларға танымал теологтар  Асқар Сәбдин, Жолдас қажы Қоспақұлы, жуырда ғана біздің оқырмандарымыздың сауалдарына жауап берген Балғабек Мырзаев  қатысады. Осы үндесу алаңына облыс дін істері басқармасының басшысы Дәулет Қоқанұлы Зәкәриянов,  КҚТДО директоры Гүлназ Мақсұтқызы Раздықова сияқты культтердің зардабынан айығуға көмек көрсете алатын, ақыл-кеңес беретін мамандар қатысады. Онлайн-конференциялар сайтқа кірушілерге оларды қызықтырған сұрақтарды тікелей қою мүмкіндігімен  және кең форматта шынайы жауаптар алуымен   пайдалы. Кез келген адам, әсіресе жастар, тұрғындардың қандай да болсын тобы өз сауалдарын аты-жөнін айтпай-ақ қоя алады, бұл өте маңызды, өйткені адамдардың көпшілігі жариялылықты ұнатпайды ғой.  

Сіздіңше, жұмыстың қандай нысаны неғұрлым пәрменді?

2013 жылдан бастап Павлодар облысының ішкі істер департаментімен бірлесіп, біз оқу орындарының оқушыларымен интернет-конференциялар өткізуді тәжірибеге енгіздік. Бұл жұмыстың тиімді нысандарының бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан да онлайн-режимде  біз үлкен аудиториямен жұмыс жасаймыз.  

Биылғы жылы біз   2 интернет-конференция өткіздік. Қаланың бір мектебінің базасында  біз мұғалімдерді, оқушыларды, олардың ата-аналарын шақырамыз. Әдетте залда 200-280 адам жиналады. Кейіннен  бұл іс-шараға басқа мектептер де қосылады. Оларда  ата-аналар балаларымен, мұғалімдер  жиналады. Мысалы, алғашқы конференция кезінде бір уақытта облыстық 80 мектебі мен колледжері қосылды. 

Залда бізбен бірге балалармен, ата-аналармен құқық бұзушылықтың алдын алу  мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме өткізетін ІІД қызметкерлері болады. Біз болсақ, оларға қажетті ақпаратты жеткіземіз, мысалы, дін мәселелері бойынша заңнамалық базаны, интернет арқылы жалдаудың қауіптілігі, бізге хабарласуға болатын сенім телефоны  жайында айтамыз. Ата-аналар балаларымен бірге тікелей сұрақтар қойып, қажетті жауаптар алады.  

Биыл интернет-конференция арқылы 15 мыңнан астам мектеп оқушысын қамтыдық.  

Өкінішке орай, барлық адамның интернетке қолы жете бермейді немесе көпшілігінің интернет-конференцияға келу мүмкіндігі болмай жатады. Сонымен қатар «жұмыс-үй-жұмыс» сызбасы бойынша өмір сүретін адамдар да болады, олардың басқа жаққа мойын бұруға шамасы да болмайды. Олар назардан тыс қалып қоймай ма?

Біз еңбек ұжымдарында, мемлекеттік мекемелерде, жеке меншік компанияларда  кездесулерді, лекцияларды, тренингтерді  тұрақты өткізіп тұрамыз. Біздің сайтымызда әрқашан өтінім қалдырып, мамандарды шақыруға болады. «Open Air»  өте тиімді нысан болып табылады. Бұл адамдар көп жиналатын орындарда, мысалы, сапаржайларда, базарларда, жатақханаларда  әдістемелік әдебиет тарату және т.б. жұмыстар. Біздің қоғамымызда белгілі себептерге байланысты жұмыс орнынан алшақтай алмайтын адамдар бар, мысалы дүкендерде, базарларда және басқа жерлерді. Олардың ақпаратқа қолжетімділігі болмауы мүмкін. Оларды біз жұмыс   орындарында тауып, иллюстрацияланған кітапшалар, қажетті ақпарат бар және қауіпті жағдайларда хабарласуға болатын  сенім телефоны көрсетілген әдістемелік құралдарды табыс етеміз. Айта кеткен жөн, буклеттерді таратуға біз еріктілерді - жастарды, оқу орындарының студенттерін жиі тартамыз.   Олар үшін бұл профилактиканың  бір түрі болып табылады, басқаларды сақтандыра отырып, өздері жат діндерден аулақ болуды үйренеді.  

Жастар арасында өткізілетін қызық жұмыстың бірі -  флэшмобтар өткізу. Бұл жастарды қызықтырып, еліктіретін шығармашылық процесс. Біз әр түрлі флэшмобтар ұйымдастырдық: би, ән флэш-мобтары немесе көшеге шығып, міндетті түрде буклеттер, визиткалар тарату. Өткен жылы  біз Ақсу қаласында көшпелі флэш-моб өткіздік, яғни біз Павлодар қаласының студенттерін  ғана емес, Ақсу қаласының жастарын тартып отырмыз.   

Сонда экстремизмнің алдын алу үдерісін жастар үшін тартымды және айшықты қылып өткізуге болғаны ғой. Осындай идеяларды қайдан аласыздар ?

Біріншіден, ұжымымыздың басым көпшілігі – жастар. Біздің қызметіміздің  барлық жауапкершілігін олар жақсы түсінеді деп мақтаныш сезімімен айта аламын және әріптестерімздің  үлкен шығармашылық қабылеттері бар.   Мамандарымыз бөлімнің алдына қойылған міндеттерді  ынтамен қабылдап,  әр түрлі идеяларды ұсынады, бәріміз оларды жан-жақты талдап,  ең тиімді шешімдерді қабылдаймыз. Ұдайы жұмыстың жаңа, қызықты түрлерін іздестіреміз.  Осындай қызықты шешімдердің бірі ретінде   АIMОВ форматында  интернет арқылы колледждер мен ЖОО студенттері арасында өткізілген демотиваторлар, суреттер және бейнероликтер сайысын айтуға болады.

Биыл  конкурсты «Тәуелсіздік – тірегіміз, тұрақтылық-мақсатымыз»   тақырыбында өткіздік.  Конкурсқа ЖОО студенттері, колледждер мен мектептердің оқушылары белсенді атсалысты.Тіпті шалғай ауылдардағы балалар  интернет-конкурсқа қатысты. Ең жас қатысушы Шарбақты ауданының Арбиген ЖОБМ 1 сынып оқушысы Нұрай Есжан болды. Балалар өз жұмыстарында өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, оның тарихы мен дәстүрлеріне деген құрметтерін, туған жерге деген ыстық ықыластарын байқатты.  Конкурстың жеңімпаздарын Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен  «Жастар экстремизмге қарсы» форумында марапаттадық.

Аталмыш форумның өткізілуі облыс жастарының өміріндегі қызықты оқиға болды, іс-шаралар жастар діни экстремизм және терроризм мәселелерін қызу талқылады.

Сайысқа қатысушылардың айтуынша, конкурс жұмыстарын дайындау барысында  қызықты ізденіс жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі сұхбатымызды пайдаланып, сайыстарға белсенді қатысатын оқу орындарының педагогтарына, мектеп ұстаздарына үлкен алғыс  білдіргім келеді. Олардың бәрін атау әрине,  мүмкін емес. Сондықтан да діни экстремизмнің және терроризмнің қаупін түсініп, рухани-адамгершілікті нығайтуға, жастардың патриоттық-азаматтық сезімдерін шыңдауға, қоғамда конфессияаралық келісімды сақтауға   бізбен бірге атсалысып жүрген  азаматтардың ісі бізді қанаттандырады. Өйткені көптеген жалған діндер біздің ұлттық құндылықтарымызды, озық салт-дәстүрлерімізді жоққа шығарып жүр ғой.

Сіз қоғамдағы конфессияаралық келісімдерді сақтау мәселесіне тоқталдыңыз. Дінге сенуші жастар арасындағы жұмыстың осы бағыты жайында әңгімелесеңіз.  

Біз жергілікті діни бірлестіктердің  өкілдерімен түрлі кездесулерді тұрақты өткізіп тұрамыз. Жылына екі рет дөңгелек үстел ұйымдастырып,  дінге сенушілерді толғандыратын мәселелерді талқылаймыз. Бұл  қоғамдағы конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға оң ықпал етеді. Сонымен қатар діни бірлестіктердің бастарын қосып, спорттық іс-шаралар өткізу жақсы дәстүрге айналды.  Футболдан, волейболдан, теннистен және боулингтен турнирлер өткізіп тұрамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Жұмыстың осындай стандарттан тыс  нысаны бізге не береді? Сіз боулинг немесе футбол ойнап, спорт алаңында жүрген имамдар мен пасторларды көз алдыңызға елестетіңізші. Дәстүр бойынша біз осындай кездесулерден кейін шай ішеміз, өзекті мәселерді талқылаймыз. Осындай бейресми жағдайдағы кездесулер, спорт ойындары адамдарды жақындастырып, өзара түсіністікке бастайды.   

Ал жұмыстарыңыздың нәтижесін қалай белгілейсіздер? Бағалаудың өлшемдері бар шығар?

Әрине, қандай да болсын қызметтің нәтижесі маңызды ғой. Біз үшін ол өңірдегі діни ахуал екендігі сөзсіз. Профилактикалық іс-шаралармен қамтылған тұрғындар арасындағы сапалық өзгерістерді белгілейтін индикаторлар ең алдымен,  тұрғындардың терроризм және экстремизм қаупі жайындағы белсенді азаматтық позициясы,  адамдардың радикалдық діни идеялар таралуына мұқият назар аударуы, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік және мамандандырылған органдарға жүгінуге болатыны жайлы  жақсы  ақпараттануы .

Сіздер деструктивті культтердің ықпалына түскен адамдармен жұмыс істейсіздер ме?

Белсенді діни адептілермен немесе олардың  туған-туыстарымен жұмысты біз екінші профилактика деп атаймыз. Атаулы алдын алу жұмысы деп аталатын жұмыстың бұл түрі өте күрделі, сондықтан адамдардың осы санаты қарым-қатынас жасауға онша бейілді емес. Бұл адамдардың мемлекеттік органдар мен дәстүрлі конфессияларға деген сенімі өте төмен.  Олардың туыстарымен жұмыс жасау да өте күрделі. Мұндай жағдайларда біз әр отбасымен жеке жұмыс өткіземіз. Деструктивті культтердің торына душар болған адам ең алдымен өз отбасы үшін қиыншылық  әкеледі.  Оның қоршаған ортасы әрдайым торығу жағдайында, «зомбилану» тәуекелінде болады.Қауіпті секталар өте көп. Бұл өз алдына жеке әңгіме. Біздің Орталықта  қауіпті діни ағымдардан зардап шеккендердің  туыстары хабарласатын    32-50-50 сенім телефоны жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің сайтымызға жазып, көмегімізге жүгінуге болады. 

Мүмкін, Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижелерін өлшеу мүмкін емес шығар, дегенмен де статистикаға жүгінген жөн шығар. Тұрғындармен қанша іс-шара, кездесулер өткіздіңіздер?  

Орталық жұмыс істеген 2013 жылдан бастап 2017 жылды қоса алғанда  3350  іс-шара өткізіп, шамамен алғанда облыс тұрғындарының жартысын қамтыдық деуге болады. Бұл мақсатты контингентттің: жұмыссыздардың, жастардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, деструкцияға тартылған тұлғалардың    60%-ы дерлік.  Жалпы таралымы 270 мың данадан астам баспа өнімдерінің  35 атауы шығарылды. 2500 диск таратылды.        

Бұл жай  цифрлар емес. Олардың ар жағында үлкен дайындық жұмыстары, ақпарат жинақтау, өңдеу, деректер талдауы, іс-шараларды ұйымдастыру сияқты көптеген ауқымды істер тұр. Біз өткізетін жұмыстардың табыстылығы көп жағдайда ұйымдардың, жергілікті органдардың басшыларына, ұжымдардың қызметкерлеріне байланысты. Көптеген адамдар проблеманың маңыздылығын түсінеді. Үлкен аудиториялар жинап, бізге қолдау көрсетеді. Жерлестеріміздің  культтердің қауіптілігін түсініп қана қоймай, алған білімдерімен айналасындағылардың көзін ашып,  оларды сақтандыруы қуантады. Бұлар антирадикалдық иммунитеті қалыптасқан адамдар. Сондықтан да белсенді өмірлік тұғырнамасы бар, пайдалы ақпаратты таратуға әрқашан дайын тұратын азаматтарымызға алғысымыз шексіз.

-Жылдың қорытындысын шығара отырып, біз Сіздердің бөлімдеріңіздің атқарған орасан зор еңбегін көріп отырмыз. Облысымыздың жер-жерлеріне сапарларға шығып, тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу - үлкен іс.  Күн сайын адамдармен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізу үшін күш-жігерді қайдан аласыздар? 

Деструктивті идеялар – әуелі бір адам жұқтырып, сосын айналасындағыларды дертке ұшырататын жұқпалы  вирус сияқты. Қоғамды сауықтырып, осындай «жұқпаның» таралуынан сақтандыратынымыз күш беріп, жаңа жетістіктерге жетектейді. Өйткені жұмысымыздың соңғы нәтижесі – деструктивті секталарға тосқауыл болып,  балаларымызды салауатты қоғамда өсіріп-тәрбиелеу.