«Инабат» клубында ұлттық жастықтарды тігу бойынша шеберлік сыныбы өтті
Павлодар облысының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы жанындағы «Инабат» клубында ұлттық стильде жастықтарды дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті.
Мұсылман қыздармен оқыту сабақтарын өткізу үшін қазақ ұлттық бұйымдарын жасау шебері Майра Серікбайқызы шақырылды.
Кездесу барысында халық шебері жастықтар мен көрпені ұлттық ою-өрнекпен пішу және тігу негіздерін түсіндірді. Қыздардың қалауы бойынша шебер оларды қазақ стиліндегі жастықты пішу және тігу техникасына үйретті. Қыздар үлкен ықыласпен ашық түсті жастықтарды пішіп, тікті. Клубта жұмыс істеу кезінде шығармашылық атмосфера орнады, қыздар түрлі сұрақтар қойды, оларға шебер толық жауап берді. Қыздардың бірі өз қолдарымен жасалған бірінші бұйымды міндетті түрде анасына сыйға тартатыны туралы айтып берді.
Халық шебері Майра Серікбайқызының пікірінше, қазақтың ұлттық бұйымдарын жасау қазақ қыздарын тәрбиелеуде өте маңызды. «Қазақ ою-өрнегі бар киімді пішіп, тігуге үйренетін қыздар ұлттық рухты сіңіре отырып өсіп келеді. Бұл өнер түрімен айналысу қыздарды шыдамдылыққа үйретеді, стильдің ерекшелігін және әсемдікті сезінуге тәрбиелейді», - дейді шебер.
Кездесу соңында қыздар ұйымдастырушыларға және шеберді осы күні алған пайдалы білімдері үшін алғыс айтып, ұлттық стильде жастықтар мен көрпелерді дайындауға болатын жаңа матер-сыныптарды өткізу туралы тілек білдірді.