«Қазақстан Республикасының конфессияаралық қарым-қатынастар саласындағы саясаты»
2016 жылғы 16 наурызда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы Павлодар облысы дін істері басқармасының қатысуымен «Қазақстан Республикасының конфессияаралық қарым-қатынастар саласындағы саясаты» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерінің біріне арналған іс-шараға ғалымдар, мемлекеттік құрылымдар мен дін, тарих, философия саласындағы мамандар қатысты.
Отырысты дін істері басқармасының басшысы Дәулет Қоқанұлы Зәкәриянов ашты. Өз сөзінде ол тақырыптың өзектілігін атап өтті, тыңдаушыларды конфессияаралық саланы реттейтін ҚР ведомстволары қызметінің принциптерімен таныстырды.
Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологі Рауан Чингужановтың сөйлеген сөзі қызықтырып, көптеген сауалдар қойылды. Павлодар мемлекеттік университетінің философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері де сөйлеген сөздерімен аудиторияның назарын тартты.
Дөңгелек үстел барасында пікір алмасу қызу өтті, үздіксіз пікірталасқа ПМУ-дың сөз сөйлеушілерге хиджаб кию, ҚР дін саласындағы заңнамасы туралы сұрақтар дайындаған студенттер белсенді қатысты.
Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай келе іс-шараға қатысушылар осындай отырыстарды өткізудің қажеттілігін және жастардың діни сауаттылығын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.