Кеңес отырысы өтті

 997

Ағымдағы жылы 20 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары М.М.Бегентаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2 мәселе қарастырылды: Облыстағы ағымдағы діни жағдай туралы және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы нормаларының сақталуы туралы облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ.Зәкәриянов және «Баянауыл мен Ертіс аудандары әкімдіктерінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестердің жұмысы туралы» Ертіс ауданы әкімінің орынбасары Е.М.Рақымжанов және Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ.Тоқжігітова баяндамамен сөз сөйледі.

Қарастырылып отырған мәселелерді талқылау барысында, Кеңес мүшелерімен отырыс хаттамасына енгізілген бірқатар ұсыныстар берілді. Жекелей алғанда, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама негіздерін түсіндіру жөніндегі діни бірлестіктердің басшылары үшін арнайы семинар өткізу туралы ұсыныстар айтылды. Сонымен қоса, 2017 жылы облыс аумағында революцияға дейінгі мерзімде және кеңес кезеңінде қызмет істеген діни қауымдастықтар мен табыну объектілерінің тарихы туралы материалды жинақтау және жүйелеу бойынша жұмыстар жасау ұсынылды.

Источник: