КҚТДО мамандары облыстың 7 ауданында алдын алу жұмыстарын жүргізді

 741

Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы өңірдің 7 ауданында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыс жүргізді. 

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Орталық қызметкерлері Ақтоғай, Лебяжі, Баянауыл, Железин, Ертіс, Тереңкөл  және Шарбақты аудандарына барып, деструктивті радикалды идеологияға бойынша азаматтармен алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Зайды Асанбаеваның айтуынша, КҚТДО-ның азаматтардың проблемалық санаттарымен көшпелі іс-шараларының бекітілген кестесіне сәйкес, мамандар деструктивті немесе радикалды діни идеологияға тартылуы мүмкін адамдар арасында атаулы жұмыс жүргізді.

Бұл жұмыс діни экстремизм идеологиясының алдын алуға және ауыл тұрғындарын әртүрлі деструктивті ұйымдардан келетін қауіп туралы ақпараттандыруға бағытталған.  

«Карантин талаптарын ескере отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Open air форматында жүргізілді. Бұл жеке әңгімелесу және діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық материалдарды тарату сияқты жұмыстар», - деді Зайда Өмірбекқызы. 

Аудан орталықтарында студенттер, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастар арасында атаулы іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, спорттық интернаттарда, қайырымдылық пансионаттарында тұратын жасөспірімдермен кездесулер ұйымдастырылды.

Аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты аналар табысы төмен көпбалалы отбасылар да назардан тыс қалған жоқ. Базарларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдармен кездесулер өтті. Мамандар базарларды, бутиктерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, үлестірме материалдарын табыс етті.

«Біз азаматтарға, егер олар немесе олардың жақындары түрлі деструктивті ағымдардың ықпалында болса, қайда жүгінуге болатынын айттық. Бізде 7(7182)62-01-01 сенім телефоны бар, ол бойынша біздің мамандарға жүгінуге болады. Біздің теологтар, дінтанушылар, психологтар әрдайым көмекке келеді», - дейді Зайда Өмірбекқызы. 

Павлодар қаласында КҚТДО  қызметкерлері ішкі саясат бөлімінің мамандарымен бірлесіп базарларды, «Артур» СҮ, жәрмеңке кешенін аралап, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен профилактикалық жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, трамвай басқармасы және автопарк қызметкерлерімен, такси жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелесулер өткізілді.

Орталық мамандары Павлодар және аудан орталықтарында, жұмыссыз азаматтардың жұмыс іздеп жиналатын орындарына барды. Сонымен қатар, мамандар белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен кездесті.

Жеке кездесулер барысында әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, қызметкерлер қажетті ақпараттық материалдармен, сондай-ақ сыйлықтар салынған  пакеттерді табыс етті. Бұл орталықтың сайтына сілтеме жасалған QR коды бейнеленген маскалар, худи, футболкалар, КҚТДО-ның сенім телефон нөмірі бар қаламдар.