«Конституцияның дін саласындағы тұрақтылықты сақтаудағы рөлі» тақырыбына өткізілген «дөңгелек үстел»

 1050

2016 жылғы 26 тамызда Павлодар қ. Достық үйінің мәжіліс залында «Конституцияның дін саласындағы тұрақтылықты сақтаудағы рөлі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Отырысқа ҚР МСМ Дін істер комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының орынбасары Ж. Дәуренов, облыс дін істері басқармасының басшысы Д. Зәкәриянов, Павлодар облысы ҚХА төрағасының орынбасары С. Жетпісбаев, Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.Раздықова, конфессиялардың басшылары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар елдегі және біздің өңірдегі көпконфессиялыққа қарамастан, Тәуелсіздік жылдары діни себептермен дау туындау фактілері болмағанын атап өтті. Бұл Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дін саласындағы сындарлы саясатының, сондай-ақ азаматтардың ар-намыс еркіндігі құқықтарын іске асыруға, барлық діндердің теңдігін, мемлекеттік құрылыстың зайырлылық сипатын сақтауға кепіл болып отырған Конституциямыздың маңыздылығын көрсетеді.     

Кездесу соңында Д, Зәкәриянов қатысушыларды алдағы Конституция күнімен құттықтап, рухани дәстүрлерді сақтауға, конфессияаралық келісімді және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес қосқан діни бірлестіктердің төрағаларына – Евангелие христиан діни бірлестігінің басшысы И.В. Егоренковқа, Евангелие христиан баптистерінің ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ю.В. Коркинге, Шарбақты Рим-католик приходының пасторы М.Д. Гарофалоға, «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Д.К. Матаевқа және «Надежда» методистік шіркеуінің басшысы Ким Сонг Суға Павлодар облысы дін істері басқармасының алғыс хаттарын табыс етті.