Консультация және диалог: жастар, Еуропа және Орталық Азия өңірлеріндегі бейбітшілік пен қауіпсіздік

 1182

2017 жылғы 23-25 мамырда Стамбул қаласында жастар Еуропа және Орталық Азия өңірлеріндегі бейбітшілік пен қауіпсіздік тақырыбына консультация және диалог өткізілді. Іс-шараны UNFPA (БҰҰның халық саны саласындағы қоры), UNDP (Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы) ұйымдастырды. Консультациялар жұмысына Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің инспекторы Мұстафина Жанна қатысты.

Еуропа және Орталық Азия өңірлеріндегі консультация бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс істейтін жастардың, азаматтық қоғам ұйымдарының және өңірлік серіктестіктер мен институттар арасында жер-жерлерде нақты өзгерістер жасауға ықпал ету үшін стратегиялық диалогты қолдау платформасын құрды.

Кездесудің мақсаты - Еуропа және Орталық Азия өңірлеріндегі консультация бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс істейтін жастармен консультация өткізу, өңірдегі инновациялық бейбітшілік құру туралы материалдар жариялау және осы жұмысты жалғастыру бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу. Осы іс-қимылдарды консультацияға қатысушылар, соның ішінде жастар ұйымдары, жастардың белсенділері, халықаралық мемлекеттік емес ұйымдар және азаматтық қоғам ұйымдары, сондай-ақ БҰҰ жүйесінің серіктестік мекемелері әзірлеп, жүзеге асырады.

Семинар барысында Еуропа және Орталық Азия өңірлерінде жас бейбітшілік құрушылардың рөлін нығайту әдістері әзірленді. Семинар жастардың бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне қосқан оң үлесіне қатысты өңірлік диалог үшін кеңістік болды. Бұл алдағы міндеттерді талқылап, оларды шешудің неғұрлым үздік тәсілдерін табуға, сондай-ақ практикалық мамандар мен шешім қабылдайтын тұлғаларға «жол картасы» бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.

Консультацияның жұмысына 19 елден 38 жас қатысты. Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы UNFPA өңірлік директорі Аланна Армитадж құттықтау сөз сөйледі, ПРООН Стамбулдағы өңірлік директоры Герд Трогеманн сөзді жалғастырды. Консультация 10 сессиядан құрылды. Бейбітшілік құрушылар проблемаларды, оларды шешу жолдарын, жастардың татулық пен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көзқарастарын талқылады.