Әлеуметтік пкіртерімдердің қорытындылары

 1181

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының әлуметтік зерттеу сайтында 2016 жыл бойында тоқсан сайын «Павлодар облысындағы қазіргі діни ахуал» тақырыбына әлеуметтік зерттеу өткізілді.

Пікіртерімнің мақсаты: тұрғындардың Орталық қызметін бағалауыа; тұрғындардың діндарлық дәрежесін анықтау; тұрғындардың өңірдегі діни жағдайды бағалауы; өңір тұрғындарының толеранттылық деңгейін анықтау. Респонденттердің жасы және жынысы есепке алынған жоқ.

Респонденттердің жартысынан астам діннің олардың өміріндегі жағымды рөлін атады.

Сауалнамаға қатысқандардың 92,00%-ы облыстағы конфессияаралық қарым-қатынасты тату және даусыз деп есептейді.

44,00%-ы тұрғылықты жерлері бойынша экстремизмнің және терроризмнің радикалдық идеологияларының таралуына алаңдайды.  

Респонденттердің пікірлері бойынша конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметін бүгінгі күні оң деп бағалауға болады. Орталықтың  қызмет өзекті, тиімді және өте қажет екендігін осы көрсеткіш бойынша жоғары пайыздар көрсетті – 78% (124 дауыс, және дауыс беру жалғасуда).

Пікіртерімге қатсықандардың жартысы өңірдегі діни жағдайды сәтті деп есептейді, 35,35%-ы сәтті шығар деп бағалайды.

Осылайша, қазіргі сәтте өткізілген әлеуметтік пікіртерім келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  1. Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі діннің қоғамда моральдық құндылықтарды тәрбиелеудегі рөлін мойындайды;

  2. Ағымдағы сәтте облыста діни экстремизм идеяларының таралу қаупі бар.

  3. Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы қызметтерінің бағыттарынан хабардар және оны өзекті және тиімді деп біледі.

Пікіртерім нәтижелерінің талдауы тұрғындарға антирадикалдық иммунитетті дарыту және өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.