Жаңа пікірді жазу
Әлеуметтік пкіртерімдердің қорытындылары
Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының әлуметтік зерттеу сайтында 2016 жыл бойында тоқсан сайын «Павлодар облысындағы қазіргі діни ахуал» тақырыбына әлеуметтік зерттеу өткізілді.
Пікіртерімнің мақсаты: тұрғындардың Орталық қызметін бағалауыа; тұрғындардың діндарлық дәрежесін анықтау; тұрғындардың өңірдегі діни жағдайды бағалауы; өңір тұрғындарының толеранттылық деңгейін анықтау. Респонденттердің жасы және жынысы есепке алынған жоқ.
Респонденттердің жартысынан астам діннің олардың өміріндегі жағымды рөлін атады.
Сауалнамаға қатысқандардың 92,00%-ы облыстағы конфессияаралық қарым-қатынасты тату және даусыз деп есептейді.
44,00%-ы тұрғылықты жерлері бойынша экстремизмнің және терроризмнің радикалдық идеологияларының таралуына алаңдайды.
Респонденттердің пікірлері бойынша конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметін бүгінгі күні оң деп бағалауға болады. Орталықтың қызмет өзекті, тиімді және өте қажет екендігін осы көрсеткіш бойынша жоғары пайыздар көрсетті – 78% (124 дауыс, және дауыс беру жалғасуда).
Пікіртерімге қатсықандардың жартысы өңірдегі діни жағдайды сәтті деп есептейді, 35,35%-ы сәтті шығар деп бағалайды.
Осылайша, қазіргі сәтте өткізілген әлеуметтік пікіртерім келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
-
Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі діннің қоғамда моральдық құндылықтарды тәрбиелеудегі рөлін мойындайды;
-
Ағымдағы сәтте облыста діни экстремизм идеяларының таралу қаупі бар.
-
Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы қызметтерінің бағыттарынан хабардар және оны өзекті және тиімді деп біледі.
Пікіртерім нәтижелерінің талдауы тұрғындарға антирадикалдық иммунитетті дарыту және өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.