Павлодар ауданының ауылдарымен мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларымен профилактикалық кездесулер жалғасуда

 1161

Ақпараттық-түсіндіру  бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. және Мәжитов Р.К.  екі күн бойы Ефремов, Луганск аулы Павлодар ауданының  мұғалімдері мен оқушылары үшін  көшпелі семинар өткізуде.

Біз адам өз таңдауы, наным-сенімі  бойынша  діни көзқарастарға  ие болуға ерікті  қоғамда өмір сүріп жатырмыз.   Сонда мынадай сауал туындайды: дәстүрлі емес жалған діни бірлестіктер қалайша өз қатарларына адамдарды тартады? Байқағанымыздай, діни сенім еркіндігі  дәстүрлі діндердің ғана емес, сонымен қатар  көптеген дәстүрлі  емес ағымдардың  таралуына әкелді. Олардың ішінде  деструктивтік, тоталитарлық  сипаттағы ағымдар да бар.Асанбаева З.Ө. қазіргі діни экстремизмнің және терроризмнің  өзекті мәселелеріне, жалдау әдістеріне, соның ішінде  жасөспірімдер мен жастар арасында интернет ресурстар арқылы қатарларына тартудың қауіптілігіне  ерекше назар аударды.  

Семинарға қатысушыларға  62-01-01 сенім телефоны туралы айтылды, әдістемелік әдебиет таратылды, «Опасность интернет вербовки», «Чужая война» фильмдері көрсетілді.