Павлодар конфессиялары Рухани келісім күнін атап өтті

 2586

Павлодарда Рухани келісім күніне арналған шығармашылық фестиваль өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы - Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы.

Павлодар облысы ақпарат және келісім басқарма басшысының орынбасары Дәулет Зәкәриянов өзінің құттықтау сөзінде Рухани келісім күнінің маңыздылығын атап өтті.

Мұсылман жамағатының өкілдері өте терең философиялық мазмұндағы шығармаларды орындады . «Мәшһүр Жүсіп»  орталық мешітінің келушілері атынан Мүфтән Ұғыбайдолла, Оразбек Бақытхан, Мирхат Жұматай Абай әндерін, Майлықожаның термесін, «Әлқисса» күйін сыйға тартты.

Орталық мешіттің бас имамы Жолдас қажы Бердімұратовтың айтуынша, келушілер шығармашылық фестивальдің дайындығына қуана қатысты. «Өкінішке орай, деструктивтік ағымдардың өкілдері адамдарға, мәдениет пен өнерге дұшпандықпен қарайды, біздің ұлттық киімдеріміз бен дәстүрлеріміз туралы жаман пікірде болады. Бірақ шын мәнінде ислам -  өте прогрессивті дін. Мұсылман әрқашан мемлекеттің зайырлы ұстанымдарын қолдайды,өз халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарайды. Абай, Шәкәрім және қазақ халқының басқа да талантты ұлдарын еске түсіріңіз. Олар өз өнері арқылы жақсылықты насихаттап, өз халқын жарқын дін рухында тәрбиелейді», - дейді Жолдас қажы.

Православиялық шіркеу атынан Павлодар қаласының Благовещенский кафедралды соборының хоры мейірімділік пен қайырымдылыққа  шақыратын әндерді орындады.  Павлодар епархиясы Павлодар благочинді округінің қызметшісі Протоиерей Алексий  осындай мерекелердің діндарлар үшін маңыздылығын атап өтті. «Біз Рухани келісім күніне арналған фестивальге қатысу мүмкіндігіне қуаныштымыз.  Бүгінгі шығармашылық фестивалі  біздің әр түрлі екендігімізді көрсетеді, бірақ бізді қоғамдағы татулық пен келісімге үндеуіміз  біріктіреді», - деді ол.

Фестиваль барысында «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің, Орыс Православие шіркеуінің Павлодар епархиясының, Рим-католик шіркеуінің, «Новая Жизнь» шіркеуінің, украин грек-католик шіркеуінің, жетінші күн адвентистері шіркеуінің, Евангельдік христиан баптистердің, Кришна санасы қоғамының, «Шындық» ЕХБ, «Надежда» методисттік шіркеуінің атынан шығармашылық ұжымдар қызықты, мазмұнды нөмірлер дайындап, көрермендерге көрсетті.

Павлодарда Рухани келісім күніне орай түрлі конфессиялар арасындағы фестиваль бесінші рет өткізіліп отыр.  Конституциясымызға  сәйкес  Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Елімізде діни сенім бостандығы жарияланды, әрбір адам өзіне дін таңдауға құқылы. Бірақ ең бастысы - ол психологиялық тұрғыдан тұлғаны мүгедек етіп,  адамдардың тағдырын сындыруға, оларды мемлекеттік саясатқа қарсы  қоюға  тиіс емес.

Источник: 

Источник фото: pavlodarnews.kz