Павлодар облысы Тереңкөл ауылының тұрғындарымен алдын алу кездесулері өткізілді

 1257

2019 жылғы 9-2 сәуірде Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының құрамында  КҚТДО басшысы Раздықова Г.М., ақпараттық-түсіндіру тобының басшысы Асанбаева З.Ө., және теолог Өтепов А.К. Тереңкөл ауданының тұрғындары үшін көшпелі алдын алу іс-шараларын өткізді.       

Тереңкөл. Байқоныс, Песчаное, Бобровка, Октябрск, Федорвка, Калиновка, Ивановка, Жаңа құрылыс  ауылдарының  тұрғындарымен кездесулер өткізілді.  Раздықова Г.М. қазіргі заманғы экстремизмнің және террорризмнің   өзекті проблемалары,жалдау әдістері, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында  интернет арқылы  өз қатарларына тар-тудың  қауіптілігі жайлы баяндады. Ақпараттық-түсіндіру тобының басшысы  З.Ө. Асан-баева тәуелсіздік жарияланғаннан соң Қазақстанда діни сенім бостандығы үшін құқықтық база жасалғандығын айтты. Көріп отырғанымыздай, діни сенім бостандығы дәстүрлі дін-дермен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына жол ашты. Олардың ішінде деструктивтік, тоталитарлық сипаттағы  ағымдар да бар. Зайда Өмірбекқызы қазіргі заманғы  діни экстремизмнің және терроризмнің  өзекті мәселелеріне ерекше  назар ау-дарды.  КҚТДО теологі Өтепов А.К.  жалған діни ұйымдардың  қоғам санасына тигізетін деструктивтік ықпалының проблемаларына  және дәстүрлі, сондай-ақ дәстүрлі емес исламға қатысты  мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар лекторлар жастар мен ересек-терді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Семинарларға қатысушыларға 32-50-50 сенім телефонының  жұмысы туралы айтты. Әдістемелік әдебиет таратылды, «Чужая война», «О деятельности деструктивных культов», «Салафизм Қазақстан үшін қауіпті ме?» фильмдері көрсетілді.