Жаңа пікірді жазу
Павлодар облысы Тереңкөл ауылының тұрғындарымен алдын алу кездесулері өткізілді
2019 жылғы 9-2 сәуірде Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының құрамында КҚТДО басшысы Раздықова Г.М., ақпараттық-түсіндіру тобының басшысы Асанбаева З.Ө., және теолог Өтепов А.К. Тереңкөл ауданының тұрғындары үшін көшпелі алдын алу іс-шараларын өткізді.
Тереңкөл. Байқоныс, Песчаное, Бобровка, Октябрск, Федорвка, Калиновка, Ивановка, Жаңа құрылыс ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Раздықова Г.М. қазіргі заманғы экстремизмнің және террорризмнің өзекті проблемалары,жалдау әдістері, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында интернет арқылы өз қатарларына тар-тудың қауіптілігі жайлы баяндады. Ақпараттық-түсіндіру тобының басшысы З.Ө. Асан-баева тәуелсіздік жарияланғаннан соң Қазақстанда діни сенім бостандығы үшін құқықтық база жасалғандығын айтты. Көріп отырғанымыздай, діни сенім бостандығы дәстүрлі дін-дермен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына жол ашты. Олардың ішінде деструктивтік, тоталитарлық сипаттағы ағымдар да бар. Зайда Өмірбекқызы қазіргі заманғы діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті мәселелеріне ерекше назар ау-дарды. КҚТДО теологі Өтепов А.К. жалған діни ұйымдардың қоғам санасына тигізетін деструктивтік ықпалының проблемаларына және дәстүрлі, сондай-ақ дәстүрлі емес исламға қатысты мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар лекторлар жастар мен ересек-терді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Семинарларға қатысушыларға 32-50-50 сенім телефонының жұмысы туралы айтты. Әдістемелік әдебиет таратылды, «Чужая война», «О деятельности деструктивных культов», «Салафизм Қазақстан үшін қауіпті ме?» фильмдері көрсетілді.